Өскемен
-7°
небольшая облачность ветер 8,1 м/с, С
448.05 486.58 5.82

Семей қаласында өрт салдарынан екі ер адам көз жұмды

26.03.2012, 18:00 25 0


26 наурызда сағат 14.28-де Семей қаласы Бобровка саяжай кешенінің №5203 учаскесінде орналасқан саяжай үйінде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сағат 16.48-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 50 шаршыметрді құрады. Өрттің салдарынан 37 және 30 жастағы екі ер адам қаза болды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




25
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив