Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Өскеменде су тасқыны кезеңіне кезекшілік ұйымдастырылды

25.03.2012, 18:00 93 0


Өскеменде су тасқыны кезеңіне кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Орын алуы ықтимал төтенше жағдайда материалдық залалды азайту мақсатында еріген және тасқын сулардың белсенді ағуы мүмкін кезеңге Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасында жедел топ құрылды. Бұл топ су тасқыны бола қалған жағдайда жедел іс-шара ұйымдастыруға арналған.

Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін су тасқыны қаупі бар учаскелерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

- Мұндай кезекшіліктер төтенше жағдайлардың алдын алу немесе халыққа дер кезінде көмек беру үшін өте қажет. Қаланың нақты ауданына жауапты қызметкер су айдынын бақылауда ұстап, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері филиалдарының директорларымен бірге тұрғындар арасында үйдің маңын қолда бар материалдармен үйіп қоршау жөнінде жұмыстар жүргізеді. Сөйтіп өзіне бекітілген аумақтың қауіпсіздігіне жауап береді, - деп мәлімдеді қаланың ТЖ басқармасында.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив