KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшеліктері қандай?

25.03.2012, 18:00 192


Қазақстанның білім саласына жаңалық болып енгеніне тоғыз жыл болған ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) жайында көпшіліктің пікірі әр алуан. Оның мектеп бітіруші түлектерге және олардың психологиясына тиімді-тиімсіз екендігі мамандар тарапынан зерттеліп-зерделеніп, жыл өткен сайын қоғамдық сипат алуда.

Бастауын Еуропадағы дамы-ған мемлекеттерден алатын бұл сынақтың біздің көзқарасымызға күрделі тұстары да жоқ емес. Сондықтан еліміздегі ҰБТ мә-селесін біржақты шешіп тастадық деп айтуға әлі де болса, ертерек секілді.
Олай деуімізге жыл сайын оқу маусымы аяқтала салысымен өткізілетін осы бір сынақ кезінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп бітіруші түлектер мен олардың ұстаздары, ата-аналары мен туыс-туғандары алашап-қын болып, әбігерге түсіп кеп жатқаны. Бірінің баласы «Алтын белгіге» ілінбей қалса, енді бірінікі қажетті балл ала алмай, тағы біреулері мүлдем сынаққа кірмей қалған секілді оқиғалар жылда қайталанады.
Осындай олқылықтардың алдын алу, аталмыш сынаққа жан-жақты дайындалу, ел арасында ҰБТ маңыздылығы мен бүгінгі қоғамға қажеттілігін түсіндіру, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізуді ұйымдастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитеті еліміздің барлық облыстарының қалалары мен аудандарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарына арнал-ған семинарлар өткізуде.
Өскеменде өткен осындай семинарға министрліктің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы баға-лау басқармасының бастығы З.Жанділдина, осы басқарманың облыстағы білім саласын бақылау жөніндегі департамент директоры Б.Данияров, облыстық білім басқармасының бастығы М.Ахметова қатысқан-ды.

Бақылау күшейсе, бассыздық азаяр еді

Министрлік өкілі Зинаш Жанділдәқызының айтуынша, бүгінде әлемдегі 193 елдің 120-сы ҰБТ жүйесін таңдаған.
Айталық, АҚШ-тағы халық-тың 90 пайызы жыл сайын әртүрлі тест сынақтарынан өтетін кө-рінеді. Ал мектептер мен жоғары және орта оқу орындарының оқушы-студенттері жыл сайын курстан курсқа тек қана тест тапсыру арқылы өтеді екен.
Жиын барысында келтірілген көптеген деректер экрандағы слайд арқылы да көрсетілді. Ондағы 2011 жылдың тест тапсыру нәтижесі бойынша біздің облыс түлектері алдарына Алматы, Атырау облыстары мен Астана қаласын ғана салып, республика бойынша төртінші орынға нық орнығыпты.
Республика бойынша мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан түрлі әд-істемелер қолданылуда. Айта-лық, Президент әкімшілігінен 2012 жылы ҰБТ кезінде қалталы телефон, шпаргалка, тағы да басқа қосымша көмек алуға болатын құралдарды тексеруді барынша күшейту жөнінде бұйрық түскен. Ал барлық жергілікті әк-імдіктерге ҰБТ кезінде бақылауды күшейту құралдарын (бейнекамера, металлодетектор және тағы басқаларды) алуға бюджеттен арнайы қаражат бөлініпті. Сондай-ақ, сынақ өтетін аудиторияларда кезекшілік ету ендігі жерде жергілікті адамдардан сайланбайтын болады. Бұрнағы жылдары мемлекеттік комиссия қатарына 20 адам енген болса, енді олардың саны бесеуге дейін қысқартылған көрінеді.
Тест технологиясын бұзуда, әсіресе оңтүстік өңірлердің ас-ықтары алшысынан түсіп тұрған сыңайлы. Оған өткен жылы дүниені дүрліктірген Қызылор-да облысының Жаңақорған ау-данындағы оқиғаны алсақ та жетіп жатыр. Сол жолы емтиханға кірген 505 оқушының алған орташа баға көрсеткіші 107,3 пайызды көрсетсе, соның 84,2 пайызы 100-ден жоғары балл алған.
Бұл, әрине, кімге болсын күдік туғызатын «ерекше» көрсеткіш болғандықтан соңы үлкен дауға ұласып, еліміздің Білім және ғылым министрлігінің шешімімен жаңақорғандық оқушылар 10-маусым күні екінші мәрте сынақ тапсыруға мәжбүр болады. Ол сынақтың көрсеткіші алдыңғысымен салыстырғанда сәйкесінше 80,6 және 12,9 болып шыққанда, бүкіл республика халқы «апам да аң-таң, мен де аң-таңның» күйін кешкен. Жаһанды дүрліктірген Жаңақорғандағы осы мәселеге байланысты жарты жыл бойы сот процесі жүріп, аталмыш аудандағы білім саласының, сондай-ақ, ҰБТ-ға жауапты біраз мамандар тиісті жазаға тартылған көрінеді.
Бір қынжылтқаны – 2011 жылы өңіріміздің Катонқарағай және Күршім аудандарында да тест технологиясының тәртібін бұзу фактілерінің орын алғанды-ғы болды. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» қағидасына сүйенетін болсақ, бұл – бүкіл шығысқазақстандықтардың осы уақытқа дейінгі ҰБТ-да көрсеткен жоғарғы көрсеткішін жоққа шығарумен пара-пар.

ҰБТ-ға қатысу үшін әр түлек наурыздың 10-ы мен сәуір айының 25-інен кешікпей өз арызын жазып, арнайы базаға кірулері керек. Мемлекеттік комиссияға апелляциялық шағым қалай және қандай жағдайда жазылатындығын, ҰБТ-ның түлектерге қоятын талаптары мен тәртіптері жайында және де басқа сұрақтардың барлығына толық жауапты жергілікті штабтардан алуға болады.

Биылғы ҰБТ-ның өзгешеліктері:


Облыстық білім басқармасының берген ақпараты бойынша 2012 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру шараларына біршама өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда:

– биыл ҰБТ өткізу пункттерінің барлығында ұялы байланыс телефондары қызметін өшіретін құралдар пайдаланылмақ;
– әрбір ҰБТ өткізу пункт-теріндегі аудиториялар саны 12-ге дейін қысқарады;
– аудандық және ауылдық ҰБТ өткізу орындарында 1 аудиторияға 1 министрлік өкілі жіберілетін болады;
– жоғары оқу орындарына аудитория санына қарамастан 5 министрлік өкілі жіберіледі;
– қайсыбір ауылдық ҰБТ өткізу пункттері сол елді мекеннің аумағында типтік білім беру ұйымдарына көшіріледі;
– ауылдық ҰБТ өткізетін пункттерінде аудитория кезек-шілері алынып тасталады;
– барлық ҰБТ өткізу пункттері бейнебақылау құралдарымен жабдықталады;
– мемлекеттік комиссия мү-шелерінің саны 5 адамға дейін қысқарады;
– биылғы оқу жылында шамамен 12 893 түлек мектеп бітірсе, облыс бойынша 14 тестілеу орталығы жұмыс істейтін болады.

Мамандар не дейді?

Динара Нұрсұлтанова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың психология кафедрасының аға оқытушысы:

– ҰБТ-ға ең әуелі ата-аналардың өздері дайындалулары керек. Олар баланы «Тестті қайткен күнде де жақсы тапсыр. Сен тек қана жоғары балл алуың керек» деп күн сайын қайталап, үсті-үстіне төпелей бермеулері керек. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар осылайша баланы сансыратып, тіптен қажытып та жібереді. Бұл – дұрыс емес.
Әсіресе біздің қазақ балалары төмендеу балл алып қалса болды, онсыз да тығырыққа тіреліп, амалы құрып тұрған баланың жер-жебіріне жетіп, «Ананың баласынан қай жерің кем? Оның сенен несі артық?» деген секілді басы артық сұрақтар қойып, жолы болмаған баланың психологиясына кері әсер ете бастайды.
ҰБТ кезінде орын алатын жағымсыз әрекеттердің көпшілігі осындай психологиялық шабуылдардың әсерінен болып жатады. Егер ата-ана: «Балам, жасыма. Бұл – уақытша ғана сәтсіздік. Біз саған, сенің біліміңе, болашағыңа сенеміз. Ең бастысы, денің сау болсын» деп қиналған баланың жанынан табылып, жігер беретін сөздер айтып, жұбата білсе, бұрнағы жылдардағыдай өкінішті оқиғалар орын алмас еді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив