KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Наурыз мерекесінде «Жастар шаңырағы» орнатылады

20.03.2012, 18:00 165


22 наурызда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында жастар мен студенттік ұйым атынан Наурыз мейрамын мерекелеуге орай «Жастар шаңырағы» атты киіз үй орнатылады. Бұл туралы ҚР Жастар Парламентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шараның ұйымдастырушысы - Астана қаласындағы жоғарғы білім ордалары мен Астана қаласындағы ҚР Жастар Парламентінің филиалы. Киіз үй ұлттық әшекейлермен безендіріледі. Сонымен қатар бұл жерде ұйымдастырушы университеттердің шағын мұражайы құрылады.
Бұл шараға студенттің үкімет атынан - Назарбаев Университеті, Фемида атынан - Қазақ гуманитарлық заң университеті, белсенді жастар атынан - Қазақ Ұлттық өнер университеті, жастар істерінің комитеті атынан -«Тұран Астана» және Астана университеттері қатысады.
Киіз үйдің жанында қонақтарға арнайы жасалған дәмді тағамдар, ұлттық ойындар мен сайыстар, қазақтың салт дәстүрін сипаттайтын түрлі-түрлі көріністер және музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» билеуге 50 студент қатысады.
Жобаның мақсаты - Астана қаласының жастарын ежелгі түркі тілдес халықтарының Наурыз мерекесінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарымен таныстыру және бұл мейрамды бір шаңырақ болып тойлауға жұмылдыру, сонымен қоса, барша Астана қаласындағы жастардың белсенділігін арттыру мақсатында қаладағы жоғары білім ордаларындағы студенттердің кооперативтік жұмыстары мен біліктілігін көрсету болмақ.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив