KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Қытайлық ғалымдарды құтқарып алды

19.03.2012, 18:00 96


Семейлік құтқарушылар қытайлық ғалымдардың қар құрсауынан шығуына көмек көрсетті. Олардың автобустары Семей қаласынан 910 шақырым қашықтықта тоқтап қалған, көлікте 6 адам болыпты.

Түнгі сағат 22.00 шамасында Семей қаласының ТЖБ қызметкерлері арнайы мамандандырылған көліктермен зардап шеккендерге қарай жолға шыққан. Құтқарушылар қар құрсауында қалған қытайлық азаматтарға жетіп, оларды жылыту орнына апарады.
– Сол күні қатты жел тұрып, жолды жауып тастады, ауа температурасы 20 градус суық болды. Көмек келгенге дейін жолаушылар қатты жаурап қалыпты, оларды жылытып, жылы көрпелер беріп, денсаулықтарын тексеріп шықтық, - дейді төтенше жағдайлар қызметкері Дмитрий Алябьев.
Істен шыққан көлікті суық түнде жөндеу мүмкін болмағандықтан, оны сүйреп апаруға тура келген. Сағат таңғы 6.30-да құтқарылған адамдар екі көлікпен Семей қаласына жеткізілген.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив