KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Шемонайхада қатарынан екі пәтерге ұрлыққа түскен азамат ұсталды

15.03.2012, 18:00 267


Шемонайха қаласының 23 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөліміне арыз түсірді. Ол үйде жоқта белгісіз біреулер есігінің құлпын бұзып, 26 мың теңгені жымқырған.

Бірнеше минуттардан соң жәбірленушімен көрші тұратын 56 жастағы әйел де полицияға шағымданған. Белгісіз біреулер оның есігін бұзып, үйдегі 4 мың теңге мен 1 бөтелке шарапты қолды еткен.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ұрыны бірден анықтады. Ол Шемонаиха қаласының 25 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Қаскөй көп ұзамай полиция бөліміне жеткізіліп, жауапқа тартылды. Бұл уақытқа дейін ол өзі қолды қылған шарапты құрбысымен ішіп тауысқан екен. Ал ұрланған ақшаның көп бөлігі қылмыскерден табылып, полиция қызметкерлері оларды жәбірленушілерге қайтарып берді.

Күдікті уақытша қамау орнына тоғытылды. Оның басқа ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив