KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Барлық мәселе назарда болады

13.03.2012, 18:00 339


Облыс Әкімінің есептік кездесуінде арнайы жәшік арқылы түскен сұрақтар.

Фарид Габитов, Зырян ауданы, Зырян қаласының тұрғыны:

– Президентіміздің биылғы Жолдауында шағын қалаларды дамытуға баса назар аударылған болатын. Қазіргі уақытта Серебрянка мен Зырян қаласының сумен қамту жүйелері әбден тозып тұр. Соның салдарынан су құбырлары жиі жарылып жатыр. Құрметті Бердібек Мәшбекұлы, Сізге қоятын сауалымыз: Зырян мен Серебрянка қалаларын өркендетуге байланысты қандай іс-шаралар жасалмақ?

Жауап:

– Қазақстан Республикасының шағын қалаларын өркендету, әлеуметтік-экономи-калық мәселелерін шешуге орай тиісті ми-нистрліктер бойынша «Шағын қалалар мен қалалар агломерациясын дамыту» атты бағ-дарлама тұжырымдамасы жасалып жатыр. Олардың қатарына облыстан 8 шағын қала енгізілген, ішінде Зырян мен Серебрянка қаласы да бар.
Бұл бағдарлама экономикасы ірі кәсіп-орындармен тығыз байланысты болып отыр-ған облыс, аудан орталықтары айналасын-дағы қалалар агломерациясын өркендетуге бағытталған. Шағын қалалардың проблемалары осы бағдарлама аясында шешілетін болады.
Оған қоса биыл облыстық бюджеттен «Зырян қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту», «Зырян қаласының сумен қамту желілерін қайта жаңғырту» жобасының жобалау-сметалық құжаттарын жасауға 80,0 млн. теңге бөлінді. Ауданның ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу мақсатында облыстық бюджеттен 20,6 млн. теңге бөлінді.

Татьяна Штыкель, Зырян қаласы, Гастелло көшесі,20:

– Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! 2009 жылдан бері Зырян қаласының оңтүстік бөлігіндегі тұрғын үйлердің аумағын су басып кетіп жүр. Өткен кезеңдерде Зырян ауданы әкімінің басшылығымен құрылған комиссияның жасаған қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы тұрғын үйлерден 98 отбасы көшірілді. Сіздің тікелей араласуыңызбен олардың көшіп-қонуына қаражат бөлінген. Ол үшін Сізге тұрғындар өте риза.
2011 жылы біздің үйіміз де зерттелген-ді. Қазірде ұзаққа созылған аяздар мен тұрғын мекеніміздің құрылысының нашарлығынан оларды жылыту үшін қалыптағыдан үш есе көп көмір мен отын жұмсап отырмыз. Бұл отбасылар алдағы уақытта көшіріле ме?

Жауап:

– 2011 жылы «НЦ «Құрылысконсалтингтің» облыстық филиалының мамандарынан құрылған комиссия қаланың аталған бөлігінің 100-ден астам су басқан үйін мұқият тексеріп-зерттеген болатын. Сөйтіп, ол комиссия 88 үйдің тұрғынын, солардың қатарында Гастелло көшесіндегі №20 үйдің тұрғындарын да көшіруді ұйғарған. Зырян ауданы әкімінің аппаратындағы мамандар су басқан аумақтағы адамдардың тұрмыс жағдайын үнемі бақылауда ұстап келеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімі мұндағы аз қамтылған азамат-тардың көмір алуларына жәрдемдесіп отыр. Су басқан аумақтағы тұрғындарды көшіру үшін биыл қаланың Космонавтар көшесіндегі көппәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жөнінде шешім қабылданды. Бұл мәселе қазір бақылауда ұсталынуда.

Мұхаметғали Белгінов, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі, Үлкен Нарын ауылы:

– Үлкен Нарын ауылындағы мемлекеттік тілде оқытатын 500 орындық жаңа мектептің құрылысы қашан аяқталады?

Жауап:

– Әуел баста Елбасының 2011 жылғы 28-қаң-тардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты білім басқармасы 2011 жылдың 8-ақпанында №01 613 және 2011 жылдың 18-наурызында №01 1538 хаттарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржы және инвестициялық жобалар департаментіне жолдаған. Онда 2011–2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық бюджет есебінен мектеп құрылыстарын жүргізу үшін қосымша қаражат қажеттігі туралы көрсетілген. Ол тізімде 2012-2013 жылдары Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында 1 250.0 млн.
теңге сомасындағы 500 орындық Дамитов орта мектебінің құрылысы жоспарланған-ды. Алайда cол кезде жобалық-сметалық құжаттардың болмауы салдарынан аталған нысан 200 мектептің құрылысына енбей қалды. Бүгінгі күнде облыс аумағын 2011-2015 жылдары дамыту бағдарламасына сәйкес, аталған аудандағы Дамитов орта мектебінің құрылысы жергілікті инвестициялық жобалар тізіміне жоспарланған, республикалық бюджет арқылы 850.0 млн. теңге көлемінде 2015-2016 жылдары қаржыландырылады деп болжанып отыр. Мәселе бақылауда ұсталынуда.

Роза Уәлиева, Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округі, Белқарағай ауылы:

– Ұзындығы 20 шақырымдық «Жаңаүлгі–Жамбыл–Берел» автожолының 43 – 63 шақы-рымдарына орташа жөндеу қашан жүргізі-
леді?

Жауап:

– Аталған жол «Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің балансына қарайды. Катонқарағай аудандық әкімдігі аталған жолдың 43 –63 үлескідегі бөлігіне 231,606 млн. теңгенің орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасап, оған Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінен ведомстволық бекітілім келді.
Аталған жоба республикада транспорттық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына енгізіліп, министрлікке 2012 жылы республикалық бюджет арқылы нақты қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалды. Қазір бұл бастаманы салалық министрлік қолдап отыр және республикалық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтініш білдірілген. Бұл мәселе бақылауға алынған.

Тоқтасын Бәкімбаев, Катонқарағай ауылдық округі, Катонқарағай ауылы:

– Катонқарағай ауылындағы жылыту жүйесін жаңғырту қолға алына ма?

Жауап:

– Үстіміздегі жылы аталған ауданның орталығы Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандықтың жылу жүйелерін реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып, облыстық бюджеттен 9 465,0 мың теңге бөлінді. Келесі кезеңде Катонқарағай ауылындағы екі жергілікті қазандықты (мектептегі және бұрынғы ауруханадағы) және жылытылатын нысандарды күш-қуатын өсіру арқылы жаңа ауруханалық қазандыққа қосу көзделуде. Мәселе бақылауға алынған.
Әлия Ғабдуллина, Катонқарағай ауылдық округі, Катонқарағай ауылы:

– Үлкен Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухана қайта жаңғыртыла ма?

Жауап:

– «Катонқарағай ауданының №1 медициналық бірлестігі» КМҚК Үлкен Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухананың 1966 жылы кірпіштен салынған, қалыпты ғимараты жаңғыртуды қажет етпейді.
«Жол картасы» бағдарламасының аясында 2010 жылы «Катонқарағай ауданының №1 медициналық бірлестігі» ҚМҚК-нің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5000.0 мың теңге қаражат бөлінген.

Амангелді Рыспаев, Күршім ауданы, Төсқайың ауылы, «Марқакөл орманы» мемлекеттік мекемесінің директоры:

– «Ақжайлау–Ұрынхай–Төсқайың» бағы-тындағы жолдың жағдайы бұл күндері сын көтермейді. Осы аталған жолды орташа жөн-деуге қаржы бөліп, іске қосуға болысуыңызды сұраймыз.

Жауап:

«Теректі–Ұрынхай–Төсқайың» 0-91 ша-қырым облыстық маңызы бар автомобиль жолы басқарманың теңгерімінде 2008 жылдан бастап тұр. Осы автомобиль жолының техникалық жағдайы шындығында да нашар. Жалпы ұзындығы 91 шақырым болатын қатты жамылғысы жоқ осы автомобиль жолы кеңес заманында салына бастап, аяқталмай қалған. Әсіресе, «Ақжайлау-Ұрынхай-Төсқайың» автожол учаскесінің жер төсемі болмағандықтан, қар-жаңбыр суынан көліктердің жүруіне кедергі келтіреді.
Осы автожолды күтіп ұстауға «ОблШығыс жол» КМК Күршім ауданындағы 5-ші өндірістік жол учаскесі бекітілген. 2012 жылға дейін бұл жолда ағымдық жөндеу жұмыстары орындалып отырған. Белгіленген заңнамаға сәйкес басқарма мен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын көктемгі тексеру қорытындысы негізінде осы аталған автомобиль жол учаскесін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданатын болады.

Темірбай Ақтайлақов, Күршім ауданы, Жиделі ауылы, ҰОС ардагері:

– «Күршім–Қалжыр–Ақбұлақ–Қарой–Ашалы» автомобиль жолындағы Қалжыр өзенінің үстімен өтетін көпірді жөндеуге қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.

Жауап:

– «Күршім–Қалжыр–Ақбұлақ–Қарой–Ашалы» облыстық маңызы бар автомобиль жолы басқарманың теңгерімінде тұр. Осы автожолдағы Қалжыр өзенінен өтетін көпірді күрделі жөндеуге 2010 жылдан бері жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобаға мемлекеттік қорытынды алынған соң белгіленген заңнамаға сәйкес басқармамен аталған автомобиль көпірін күрделі жөндеуге 2012 жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданатын болады. Бұл мәселе үнемі бақылауда тұр.

Біржан Мұстахметов, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылдық округі, Ақсуат ауылы:

– Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біздің ауданда жалға берілетін тұрғын үйлер салына ма?

Жауап:

– Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында бір пәтерлі 15 коммуналды тұрғын үй құрылысы жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бүгінгі күнге 5 тұрғын үй құрылысына қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға «Веб порталға» хабарлама берілді.

Облыс Әкімінің есептік кездесуі қарсаңында телефон арқылы түскен сұрақтар

Имаш Байбазаров, Өскемен қаласы, Амур көшесінің тұрғыны:

– Зырян ауданындағы Тұрғысын су электрстансасын қайтадан салуға мүмкіндік қарастырыла ма?

Жауап:

– Бүгінгі таңда облысымызда электр қуатының жетіспеушілігі жылдан-жылға байқалып келеді. Жаңа қуат көзін шығаратын стансаның бізге қажет екені анық. Бұл электр қуатына түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі. Тұрғысын өзеніне салынар СЭС жобасын жүзеге асыру аса өзекті мәселелер қатарында. Бұл бағытта, яғни, энергоресурстарды тиімді пайдалана отырып, қуат көздерінің жаңа баламаларын енгізу бойынша мақсатты істер атқарылуда. Қазір Зырян ауданындағы «EcoEnergy» ЖШС-іне СЭС құрылысына арналған жер учаскесін пайдалануға және жобалау-барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді.
Нина Говрюкова, Өскемен қаласы 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесінің тұрғыны:

– 22-шақырым ауданына қарасты өзенге (Ново-Убинка ауылындағы) көпір салына ма және жаяу жүргіншілерге арналған ол көпірмен көліктің жүруіне рұқсат беріле ме?

Жауап:

– Глубокое ауданындағы аспалы көпір ағымдағы жылы жөнделеді, оған ұсынылған сметаға сәйкес 5600,0 мың теңге бөлінді. Жұмыс 2012 жылдың тамыз-қыркүйек айларында басталмақ. Аталмыш көпір жобаға сәйкес жаяу жүргіншілерге арналған. Сондықтан көпірдегі қандай да болсын көлік қозғалысына тыйым салынады.
Өскемен қаласының мемлекеттік қызметкерлері:

– Зейнеткерлік жастың ұлғаюына үзілді-кесілді қарсы. Себебі нашар экология, жастардың еңбекпен қамтылуының аздығы, аймағымыздағы өмір сүру ұзақтығының төмендігі бұған кедергі.
«Тіркелу туралы» Заңда, тұрып жатқан жерінде тіркеуде жоқ азаматтарға айыппұл салынатыны жайлы талап қойылған, осы мәселені анықтап беруіңізді сұраймыз.

Жауап:

– 2012 жылдың 27-қаңтарындағы Елбасы Жолдауы және оны түсіндірудің іс-шаралар
жоспарына сәйкес, облысымызда зейнетақы жүйесін іске асыру бойынша түскен ұсыныстар-ды дайындау бойынша жұмыс тобы құрылып, бұл істі ары қарай министрлікке жолдамақ. Аталған мәселе ұсыныс ретінде облыстың атынан енгізіледі. Елімізде бекітілген заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында жеке бас куәлігінсіз, жарамсыз куәлікпен немесе тұрғылықты жерде тіркеусіз тұрған азаматтар 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып төлейді. Мұндай жағдайда шынымен де Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрмағаны үшін жауапкер-шілік қарастырылған.

Владислав Гузеев, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесінің тұрғыны:

– Өскемен ауасының ластануына негізгі себепкер – Согра жылу-энергия орталығы. Себебі, ол қала сыртында орналасқан. Бұл мәселені Соградағы ЖЭС-ті атом электр орталығына қайта жабдықтау арқылы шешуге болмас па екен?

Жауап:

– Қазақстандағы атом саласын дамыту бо-йынша 2020 жылға дейінгі бағдарламасында 2011–2014 жылдардағы атом энергиясын дамыту мәселелері қарастырылған. Бұл Үкіметтің 2011 жылғы 29-маусымындағы №728-ші қаулысымен бекітілген. «Атом энергоблогтарының көрсеткіштерін таңдау, сызбаларды негіздеп орналастыру. Қазақстан аумағындағы АЭС құрылысы» құжатында жоспардағы іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылған.
Біздің облыстағы АЭС Курчатов қаласына орналасуы мүмкін. Энергоблогтар орналасатын жерді таңдап алу үшін ол жер алдымен геологтық-геофизикалық және сейсмикалық талаптарға сай келуі керек. Ал Өскемен қаласы сейсмикалық жағынан бұл талапқа сай келе қоймайды.

Қадиша Жетпісова, Өскемен қаласы, Энтузиастар көшесі:

– Бізде ешқандай отбасылық амбулатория немесе басқа да медициналық мекеме жоқ. Көмек қажет болған жағдайда бізді Буровтағы немесе ЖМК шағын ауданындағы емханаларға жібереді. Бізге ол жақтарға жету қиын және кезекке тұруымыз қажет. Металлургтер кентінде емхана ашылмай ма?

Жауап:

– КШТ шағын ауданы тұрғындары санының өсуіне байланысты типтік емхана салу мәселесі қарастырылуда. Қазірдің өзінде бұған жер телімі бөлініп, емхана құрылысы қаланың даму бағдарламасына енгізілді. Бүгінде облыстық денсаулықсақтау басқармасы жаңадан салы-
нып жатқан үйлердің бірінің алғашқы қабатынан емхана филиалын ашу туралы мәселені қарастыру үстінде.

П.Көккөзова, Катонқарағай ауданы:

– Жаңа Үлгі ауылында әлі күнге дейін орта-лықтандырылған су құбыры жоқ. 2007 жылы ауылда жаңа мектеп салынған кезде су жинайтын мұнара да бой көтерген болатын. Алайда, ол жиі істен шыға береді әрі суы кермек татиды. Ауылға орталықтандырылған су құбыры тартыла ма?

Жауап:

– Аймақтық «Ауыз су» бағдарламасы аясында 2007 жылы «Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңа Үлгі ауылының су-мен қамту жүйесін күрделі жөндеуден өткізу» жобасы бойынша жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні ауылда екі скважина бар. Оның біреуі істен шыққан. Жаңа Үлгідегі ауыз су іркілісі жұмыс істеп тұрған скважинадағы судың тұрақсыз келуінен туындап отыр. Ауылды үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл аудандық бюджеттің есебінен істен шыққан скважинаны тазалау жұмыстарын жүргізу жос-парланды. Сондай-ақ, Катонқарағай ауданы аумағын дамыту бағдарламасына сай Жаңа Үлгіде су құбырлары жүйесін қайта жаңғырту көзделген.

Баян Нұғманов, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы:

– Менің бірнеше сауалым бар: Елбасы биылғы Жолдауында ауылға үлкен қамқорлық көрсетуде, осыған байланысты Ақжар ауылында қандай нақты істер атқарылады? Облыс орталығы және Ақжар ауылы арасында автобус қатынасы бола ма? Ақжар ауылында болашақта бар мектептерді біріктіріп, жаңа мектеп салынбақ. Мектеп ауылдың шетіне салынса (ауылдың ұзақтығы 20 шақырымнан астам), ауылдағы балалардың мектепке дейінгі қатынасы қалай болады? Жарамсыз делінген М.Әуезов мектебіне білікті мамандар сауатты түрде нақты зерттеу жүргізсе.

Жауап:

– Ақжар ауылындағы ауруханаға облыстық бюджеттен 52031,2 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферт есебінен 30044 мың теңгеге Ақжар ауылында 1 пәтерлі 5 тұрғын үй салынады. 250 орындық балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасатуға аудан бюджетінен 6,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Апаттық жағдайда деп танылған Әуезов атындағы орта мектептің орнына жаңадан салынатын мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжатын жасатуға 5 млн. теңге қаржы бөлінді. Аудан бюджетінен бөлінген 5680 мың теңгеге Ақжар ауылының су құбырын жаңғырту жұмыстарына жасалынған жобалық-сметалық құжаттарына түзету енгізілетін болады. Ауылдың абаттандыру жұмыстарына 24,5 млн.теңге, жарықтандыру жұмыстарына – 2,0 млн. теңге қаржы қарастырылды. Коммуналды-шаруашылық мекемесінің жұмысын жандандыру мақсатында 1 автокөтергіш (вышка) және 1 фермерлік УАЗ автокөлігін алуға 3430 мың теңге, сондай-ақ, шаруа қожалықтары мен жеке адамдарға қызмет көрсету орталығын құру мақсатында 12 ауылшаруашылық техникасын сатып алуға – 25 млн. теңге қаржы бөлінді. Кәсіпкерлік мәселесі бойынша муниципалды базар ғимаратын коммуналдық меншікке сатып алу мәселесі шешілетін болады.
«Ақжар – Өскемен – Ақжар» бағытында Газель микроавтобусы күнделікті жүруде. Ақжар ауылынан таңғы сағат 6-да шығып, Өскемен қаласынан 14-те қайтады. Билет бағасы – 1500 теңге.
Ауылдағы М.Әуезов және Абай атындағы орта мектептерді біріктіріп, 1200 балалық бір жаңа мектеп салу жұмыстары қолға алынуда. Жаңа мектеп салынған жағдайда Сіз көтеріп отырған мәселе өз шешімін табатын болады. 2011 жылы Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Востокагропромпроект» ЖШС-нің шығарған техникалық қорытындысы бойынша Ақжар ауылындағы М.Әуезов атын-дағы орта мектеп апаттық жағдайда және ары қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. Заңды құжаты бар.

Е.Перцева, Өскемен:

– 2011 жылдың желтоқсан айында үйге тартылған газды тоқтатып тастады. Пәтерлерді газдандыру мәселесі қашан шешіледі?

Жауап:

– Осы мәселе бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында газбен қамту мекемелері («Горгаз» ЖШС) және оны эксплуатациялаушы ұйымдарының («Алтай Газ» ЖШС) қатысуымен кеңес өткізілді. Аталған кеңес нәтижесінде «Горгаз» ЖШС өкілдері мен пәтер иелері кооперативтері мүшелерінің қатысуымен пәтерлеріне заңсыз газ тартып алғандарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізілді. Өздігінен газ қосып алғандар анықталған жоқ. Газбен қамтылған тұрғындардың қарыздары жоқ, алайда, аталған қызмет түрінің шығын-дары 357610 теңгені құрап отыр. Газбен қамту қызметін қайта іске қосу мақсатында қаржы бөлу үшін бюджетке ұсыныс енгізілген.

В.Федорова, Өскемен:

– 22-шақырым ауданында орналасқан Үлбі өзені үстінен өтетін көпірдің халі мүшкіл. Ол жерде қалалықтардың саяжайлары орналасқан. Облыс басшылығынан апатты көпірді жөндеуге немесе жаңасын салуға көмектесуін сұраймыз.

Жауап:

– Ағымдағы жылы Фрунзе ауылдық округіне қарасты Ново-Ульбинка ауылындағы аспалы көпірді жөндеуге 5600 мың теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары тамыз-қыркүйек айында басталады деп жоспарланған.

З.Халелова, Өскемен:

– Өскемен қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт қашан ашылады?

Жауап:

– Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу ісі бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қазірде облыс орталығының тұрмыстық қатты қалдықтары қаланың шығыс жағында орналасқан Шмелев Лог маңында қоймалануда. Қала әкімшілігі қалдықтарға арналған жаңа полигон салып, бұрынғыны жою мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын. 2003 жылы шетелдік компаниялар ұсынған тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттардың бірнеше жобасы қарастырылған-ды. 2011 жылы қалалық бюджеттің есебінен қатты тұрмыстық қалдықтарды алғашқы ошағында сорттайтын басқарма құру жөнінде жоба да жасалды. Аталған жобада Өскеменде тұрмыстық қатты қалдықтарды сорттайтын және қабылдайтын пункттер ашу қарастырылған. Бұл мәселенің шешімін табу үшін қалалық тұрмыстық қалдықтар полигонында қалдықтарды сорттайтын станция ашу ісі көзделіп отыр.

З.Халелова:

– Глубокое ауданы, Верхберезовка кентінің су құбырларын жаңарту қажет. Жиі орын алатын апаттар, құбырдың қатып қалуы тұрғындарды сарсаңға салды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында мұнда құбырларды жөнге келтіру қарастырылған ба?

Жауап:

– 2011 жылы «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхберезовка кентінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртудың» жобалық-сметалық құжаттарын жасауға республикалық бюджеттен 8 миллион теңге бөлінген болатын. Жобаны жасаушы – «Глубокое аудандық архитектура және қала құрылысы» КМК. Мемлекеттік сараптаудың оң нәтижесі алынған соң бұл мәселені шешу үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылмақ.

И.Фиоктистов, Өскемен:

– Тұрғын үй қорының күрделі жөндеу жұмыстары неліктен тұрғындардың есебінен жүргізілуі керек. Бұл – дұрыс емес, кеңес үкіметі кезіндегідей тұрғын үй кеңсесін құрып, барлық коммуналдық мәселелер бір жерде шешілуі керек. Өйткені, коммуналдық жүйе
біреу ғой, оны неліктен пәтер иелері коопе-ративіне, РЭК-ке, AES-ке бөліп тастады? Апат болған жағдайда қарт адамдар қайда телефон шалуы керек?

Жауап:

– Тұрғын үй реформасының мақсаты тұр-ғын үй шаруашылығы секторын нарықтық реттеуге бағытталған. Пәтер иесі тек өзіне тиесілі баспананың ғана қожасы емес, сондай-ақ, үй орналасқан жер телімі мен оның ортақ дүние мүлкінің де тиісті мөлшерде иесі болып табылады. Сондықтан да әрбір пәтер иесі тұрғын үй қорын пайдалануда ортақ жауапкершілікке міндетті. Үйдің инженерлік коммуникациясы, шатыры мен подъездің тазалығы мен үй маңындағы аумақтың ұқыптылығы әрбір пәтер иелерінің жауапкершілігінде және олардың қандай жағдайда болуы да солардың өздеріне байланысты.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив