KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды

11.03.2012, 18:00 253


Облыс Әкімінің 2012 жылғы 22-ақпанда Семейде өткен есептік кездесуінде түскен сұрақтар

М.Есмұханова, зейнеткер (Семей қаласы):
– 15-ші ықшамауданда әлі аяқталмаған 12 қабатты монолитті үй тұр. Құрылысы сонау тоқсаныншы жылдардың басында басталған үйді иесіз қалды деуге де болады. Бұл үйдің құрылысы қашан бітеді? Семей қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа құрылыс бастағаннан гөрі осындай үйлерді аяқтаған әлдеқайда тиімді емес
пе?

Жауап:

– Семей қаласының әкімшілігі 15-ші ықшамаудандағы әлі аяқталмаған 12 қабатты үй құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Нысанның иесі құрылысты аяқтау бойынша жобаға тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Қазіргі күні аталған жер теліміндегі нысанның инженерлік желілерінің жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ф.Ишмухаметов, Семей қаласына қарасты «Шығыс» кенті, Жоңғар көшесі, 23:

– Жоңғар көшесі тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қашан шешіледі?

Жауап:

– 2011 жылы «Смычко су қақпасынан Энергетиктер кентіне дейін су желісін тарту және ІІІ деңгейлі көтермелі сорғылы станцияның құрылысын салу» туралы жоба жасалған болатын. Оған мемлекеттік сараптама орталығы оң қорытынды шығарды. Осы жоба бойынша магистралды су құбыры желісін Энергетиктер кентіне дейін Шығыс кенті арқылы жүргізу қарастырылған. Бұл Жоңғар көшесі тұрғындарын 2013 жылы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы жобаны іске асыруға «2011 –2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 524, 672 млн. теңге бөлінді. 2013 жылы 969,728 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Семей қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

– Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастамасы бойынша Семей қаласында халықты Әлеуметтік қорғау министрлігінің қаржысы есебінен балаларға арналған реабилитациялық орталықтың құрылысы жоспарланған болатын. Бұл мақсатқа Степной кентінде бөлінген жер телімін қала әкімшілігі бекітті. Десе де, осы күнге дейін құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қажетті 40-45 миллион теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінбей отыр. Осыған көмектесуіңізді сұраймыз.

Жауап:

– Шығыс Қазақстан облысы аумағын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспарына сәйкес Семей қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған реабилитациялық орталық құрылысына қажетті 973,0 млн. теңге көлеміндегі қаражатты 2015 жылы бөлу жоспарланып отыр. Бұл мәселе құзырлы орындардың бақылауында.

Пердыханова, Семей қаласы, «Шығыс» кенті, 2-ші ықшамаудан, 518-112:

– Семей қаласының 2-ші ықшам ауданының Шығыс кенті тұрғындары су құбыры трассасын жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлуге көмек көрсетуді сұрайды.
Жауап:

– Үстіміздегі жылы «Шығыс» кентіндегі сумен қамту нысандарын бағалау және құқық беретін құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап бұл нысандарды «Семей су арнасы» МҚМ пайдалануда. Қазіргі күні тұрғын үйлерді «Семей Су» ЖШС-нің су құбыры желілеріне қосу мүмкін болмай отыр. Өйткені, «Семей Су» ЖШС-нің лицензиясы жоқ және тұрғындарды суық сумен қамтамасыз ету қызметімен айналыспайды.
«Шығыс» кенті тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаржысы есебінен 2013 жылы су құбырларын жаңғыртып, құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жоспарланған.

Петровская, Семей қаласы, «Поколение» қоғамдық бірлестігі:

– Семей қаласындағы «Поколение» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін зейнетке шыққан Семей қаласы зейнеткерлері зейнетақысына ай сайын экологиялық үстеме төлеу қажеттігі мәселесін көтерген болатын.

Жауап:

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын іске асыруға байланысты облыс Әкімінің бекіткен жоспарының «Зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар» атты 28-ші пунктіне сәйкес зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрамында қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, кәсіподақ өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері бар. Қазіргі күні жұмыс тобы мүшелері зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуде. Сіздердің ұсыныстарыңыз ескерілетін болады.
Ысқақов, Жұмахан Ардақ, Абай ауданы, Құндызды ауылы, Шәкерім көшесі, 7:

Өтініш иелері үш отбасы бірігіп, кәсіппен айналысу үшін несие алуға көмек көрсетуді сұрайды.

Жауап:

– «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алушылардың тізіміне енгізілдіңіздер, керекті құжаттарды тапсыруларыңыз қажет.

Облыс Әкімінің 2012 жылғы 24-ақпанда Өскеменде өткен есептік кездесуінде түскен сұрақтар

Көкпекті ауданы, Самар ауылы:

– Ардагерлер тұрғындардың басқа жіктеріне қарағанда әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы әртүрлі жағымсыз жағдайларға алаңдаушылық білдіріп отыр. Ауданның денсаулық сақтау саласына қаржының жетіспеушілігінен медициналық жабдықтар мен медициналық мекемелер тозып, соның салдарынан тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы төмендеп барады. Осыған орай фельдшерлік-акушерлік амбулаториялар мен медициналық пункттерді жөндеуге қаржы бөліне ме?

Жауап:

– Құрметті ардагерлер! Самар ауылындағы «№1 Көкпекті ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК-на медициналық жабдықтарды алу үшін 2010 жылы жергілікті бюджеттен 2100,0 мың теңге, 2011 жылы 16800,0 мың теңге қаржы бөлініп, бір санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді. Күрделі жөндеу жұмыстарына 10946,0 мың теңге бөлінді. 2012 жылы Самар ауылындағы емхананы күрделі жөндеуден өткізу үшін 71078,0 мың теңге бөлінді. Аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер анықталды. Белгіленген бюджеттік заңнамалар тәртібіне сай дайындалған құжаттамалар бойынша облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінетін болады.
Гүлнәр Рахимова, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 18/17:

– Өскемен қаласында есірткіге тәуелділер үшін сауықтыру орталығы салына ма? Есірткі таратушылар неге қадағалауға алынбайды? Олар неге заңның барлық талаптарына сай қатаң жазаланбайды?

Жауап:

– Гүлнәр Торғайқызы! Павлодар қаласында еліміздің барлық өңірінен ауруларды квота бойынша қабылдайтын есірткіге тәуелділерге арналған республикалық орталық бар. Өскеменде наркологиялық диспансер жұмыс істеп тұр. Бұған қоса, Семей қаласында наркологиялық диспансер, Зырян мен Риддердегі жүйке аурулары диспансерлерінің жанында наркологиялық төсектер бар. Бұл стационарлардағы наркологиялық емдеу орындары келген ауруларды толық қабылдай алады.
2011 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО ішкі істер органдарының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына байланысты 329 қылмысты айқындады, соның ішінде 203-і есірткі заттарын өткізумен айналысқандар. Өткен жылы 100 келіге жуық есірткі қолданудан алынды, оның 7 келісі героин. Биылғы жылдың екі айында ғана 60 қылмыс анықталды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда саны 16-ға көбейген. Сондай-ақ, есірткі өткізудің 34 дерегі анықталды, салыстырмалы мерзім аралығында саны тоғызға артқан. Есірткі қылмысы жасырын түрдегі қылмысқа жатады. Сондықтан да оны ашу үшін жұртшылық тарапынан қолдау қажет.

Облыс Әкімінің есептік кездесуінде арнайы жәшік арқылы түскен сұрақтар

Марат Түңлікбаев, Абай ауданы, Қарауыл ауылы:

– Қарауыл ауылындағы ауызсу мәселесі қалай шешіледі?

Жауап:

– 2011 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылының тоғанын көшіру және қайта жаңғырту» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 9,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жоба «Экологиялық медициналық орталығы» ЖШС жобалау ұйымымен әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, республикалық бюджет қаражаты есебінен одан әрі іске асырылмақ.

Қамыржан Қайрат, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылы:

– Кеңгірбай би ауылындағы №24 кәсіптік лицейден автокөлік жүргізушісі маманды-ғын алуға бола ма?

Жауап:

– Аталған мекемеде мамандықтарды ашу мүмкіндігін Абай ауданының кадрларды даярлау аймақтық кеңесі қарастырады. Құптарлық жауап берілген жағдайда құжаттардың топтамасы облыстық білім басқармасына жолданады. Бұл сұрақ бақылауға алынды.

А. Уажанова, Жарма ауданы, Белтерек ауылы:

– Жолдасым екеуміз де жұмыссызбыз. Жұмысқа орналасуға көмектесуіңізді сұрай-мыз, мамандығым – бухгалтер.

Жауап:

– Белтерек ауылындағы екі мекемеде есепші бірлігі бос болмағандықтан, «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы негізінде кәсібіңізді ауыстыруға, не болмаса жеңілдікпен беретін несие алып өз кәсібіңізді ашуға мүмкіндігіңіз бар.

Жанар Рахишева, Жарма ауданы, Белтерек ауылы:

– Біздің ауылда үлкен дүкен, кафе, тойхана деген ғимараттар жоқ. Осындай ғимараттарды салуға аз пайызбен несие алуға көмектессеңіздер.

Жауап:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы №816 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру» Ережесінің микрокредит беруді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес, микрокредит-тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй салуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілмейді. Осыған орай сіздің «Сауда ісін кеңейту» жобаңыз «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясындағы микрокредит беру жоспарына енгізілген жоқ. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен берілетін несие алып, өз кәсібіңізді ашуға мүмкіндігіңіз бар.
Ирина Бережная, Серебрянка қаласы, Серебрянка органикалық емес бұйымдар өндірісі зауытының бұрынғы жұмысшысы:
– Президентіміз өзінің биылғы Жолда-уында шағын қалаларды өркендетуге ерекше назар аударғаны белгілі. Кеңестер Одағы құрығаннан кейін тұрғындар саны азайып, қала күрделі кезеңді басынан өткізді. Бүгінде атқарушы биліктің, облыс әкімдігінің көмегімен Серебрянка қаласы қайтадан түлеп келеді.
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы, биылғы жылдың басында «Серебрянка органикалық емес заттар өндірісі зауыты» ЖШС өндірісінің тоқтап қалуына байланысты кәсіпорында күрделі жағдай қалыптасқанда, жағдайға қарайласып, ұжым еңбеккерлерінің еңбекақысын төлеп беруге көмектескеніңізге алғысымызды айта отырып, зауыттың мәселесін Үкімет деңгейінде шешуге көмектесіп, оның қайтадан жұмыс істеуіне өз ықпалыңызды тигізуіңізді өтінеміз.

Жауап:

– Серебрянка органикалық емес бұйымдар өндірісі зауытын қайтадан қалпына келтірудің шаралары кезең-кезеңмен жүзеге асады. Іс-шаралардың жоспарына кәсіпорынның мүліктік кешенін бере отырып, өндірісті іске қосу үшін, сондай-ақ, өндірісті сауықтыратын жаңа инвестор іздестіріп, жұмыстан шығарылған жұмысшыларды қайтадан жұмысқа алу шараларын жүргізу үшін 110 миллион теңге қаржы беру жолымен «Ертіс» ӘКК-ні қатыстыру арқылы қарастырылып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив