KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 8 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Бет-әлпетіне жарнама орналастыратын жігіт

11.03.2012, 18:00 177


Германия тұрғыны Уве Трёшель жарнама алаңы ретінде өзінің бет-әлпетін сатуға қойды. Уве әлеуетті жарнама берушілер белгілі бір төлеммен баннерін орналастыру үшін өзінің бет-әлпетін бірнеше бөлікке бөлді. Мәселен, маңдайына шанышқылап салынған жарнама 50 мың еуро, беттерінің біріне – 20 мың, иегіне салынған сурет – 5 мың еуро болмақ.

Егер бір компания бет-әлпетін жарнама үшін түгелдей сатып алатын болса, онда ол жүз мың еуро төлейтін болады. Ілкімді немістің айтуынша, әлеуетті жарнама берушінің қай салада жұмыс істейтіні бәрібір. Трёшельдің мұндай қадамға баруына жануарларды жақсы көруі себеп болды. Ол жарнамадан түскен қаражатты сенбернар тұқымды иттер үшін мұражай ұйымдастыруға жұмсамақ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив