KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

«Балапан» бағдарламасы іске асуда

7.03.2012, 18:00 152


Біздің елдегі балғындардың қуанышы басқада. Мемлекет ұсынған «Балапан» бағдарламасы керемет сый болды олар үшін. Мәселен, былтыр 1300-ге жуық тараздық бүлдіршін балабақшаға барды. Екі мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өтіп, бірі жаңадан салынды.

Одан бөлек, тағы 7 жеке меншік балабақша қаланың кішкентай тұрғындарына есігін ашты. Өткен жылы бұл салаға 650 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл өткен жылғы көрсеткішті артығымен орындау көзделіп отыр. Өткен жылы тура ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген «Айсәуле» балабақшасында қазір бос орын жоқ. Бұрын бұл ғимараттың тоз-тозы шығып, түгелімен ұрланып, құр қанқасы ғана қалған болатын. Ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды, жөндеу көрді, балабақша етіп қайта жұмысын бастады. Бұл іске бюджеттен 200 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Орқия Нұржанова, қала тұрғыны:

- Немереммен төрт жасқа дейін отырдық. Балабақша ала алмадық, орын жоқ деді. Енді «Айсәуле» балабақшасы үйдің жанынан ашылғаннан кейін қуанышымызда шек жоқ.

Балалардың мектепке дейінгі мекемемен қамтылуына жергілікті кәсіпкерлер де күш салып жатыр. Мәселен, мына балабақша тұрғын үйдің алғашқы екі қабатында орналасқан. Таразда бұл алғашқы жеке меншік балабақшалардың бірі. Мектепге дейінгі мекеме 60 балаға шақталған. Құрылысқа 20 млн. теңгедей қаржы жұмсалыпты. Жеке меншік болған соң, мемлекеттік балабақшаға қарағанда бағасы қымбат. Айына - 30 мың теңге.

Балабақша тапшылығының тағы бір шешімі - орта мектеп жанынан шағын орталықтар ашу. Былтыр қалада мұндай 3 орталық пайдалануға берілді. Биыл да бірқатар мектептердің қасынан қосымша тағы осындай орталықтар ашу көзделіп отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив