KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Әнімен ТАМСАНДЫРҒАН «ТӘТТІ» келін

6.03.2012, 18:00 163


Біріне-бірі қиыла қарап «Тәттім-ау, тәттім-ау. Өзіңді әрең таптым-ау» деп ән салатын ерлі-зайыпты әншілер Тоқтар мен Бейбіт қазіргі уақытта қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптардың бірі. Екеуінің өнеріне барша жұрт жақсы қанық. Тоқтар – Шығыстың бел баласы. Бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданына қарасты Айғыз ауылында туып-өскен. Ал Шығыстың «тәтті» келіні Бейбіт Сейдуалиева Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылында дүниеге келіпті. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Оның өнерде бағындырған биіктері баршылық. Бейбіт – «Жамбыл жұлдыздары», «Жаңа ғасырға – жаңа ән», «Жас қанат», «Алтын-Самұрық» байқауларының лауреаты. Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы байқаудың дипломанты. Десек те Бейбіт қандай келін осы? Енді осы жайында біраз әңгімелеп көрейік.

«Бейбіттің мінезі анама ұқсайды»

«Бейбіттің мінезі менің анамның мінезіне ұқсайды. Қазақтың өзге жұрттан ерекше қасиеті – ата-анасын сыйлау, үйге келген қонағын құрметтеу болса, осы үдеден жарымның шығып жатқаны мен үшін бақыт. Бейбіт өзінің келіндік міндетін жақсы түсінеді. Сахнада жүрсе де, үйдегі әйелдік міндетін, әулетке келіндік парызын ұмытпайды. Ер-азаматқа одан артық қандай қуаныш керек?» депті бір сұхбатында әнші, жерлесіміз Тоқтар Серік. Сүйген жардың елге сүйкімді болғанына не жетсін, шіркін!
Шұғылалы Шұбартау өңірінде туып-өскен Тоқтар бауырымыз өзінің айтысына қарағанда, нағыз туысшыл, ағайыншыл жан. Үйлерінен қонақ үзілмейтін көрінеді. Осынау көп қонақтың көңілін табу, оларды күту Бейбіт келіннің міндеті екені сөзсіз. Республикалық газет-журналдарға берген сұхбатына қара-
ғанда Бейбіт осының бәріне әбден төселіп алған сыңайлы. Қабағы қашан да ашық Бейбіт келіннің шайы да тәтті. Бір атап айтарлығы, ол тәтті-дәмді тамақ жасаумен қатар, тігін тігіп, құрақ көрпе құрауды да қатырады екен. Беколжас атты сүйкімді ұлдың анасы екенін де жұрт білетін болар.
– Мен ең алғаш келін болып түсіп, босаға аттаған кезде Тоқтардың анасы «Сен бұл үйдің келіні емес, сен осы үйдің қызысың. Сені өз қызымдай көргім келеді, – деп айтқан болатын.
– Содан бері ата-енемнің, туған-туыстарымыздың алдында инабаттылық сақтап, ата-анамның атына сөз келтірмес үшін, барынша әдептен озбай, өзімнің келіндік міндетімді үнемі адал атқаруға тырысып келемін.
Бұл – Шығыстың келіні Бейбіт Сейдуа-лиеваның шын жүректен айтқан тілегі. Біз де Бейбіттің осынау асыл тілегінің орындалуына тілектеспіз.

Мейрамтай Иманғали

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив