KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Жемқорлықтың жолын кесуде жұртшылыққа арқа сүйейміз

6.03.2012, 18:00 253


Елбасының биылғы арнаған Жолдауында қаржы полициясы органдарының алдына сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиялық жобасын әзірлеу тапсырмасы қойылды. Сонымен қатар қаржылық және салықтық қылмыстарды бұдан ары қылмыстық сипаттан арылту арқылы кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау бойынша жұмысты жалғастыру міндеттелді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің жедел-қызметтік іс-әрекеті аталған тапсырмаларды орындауға жұмылдырылып отыр. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, қоғамның тұрақтылығына аса қауіп төндіретін жүйелі жемқорлық фактілерін анықтау мен жолын кесу.
Мысалы, департамент Семей қаласының құрылыс колледжі директорының орынбасары М.Ержановқа қатысты 25 эпизодты қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Ол мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға бола тұра, 2011 жылы жеке өзі және делдалдар арқылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде колледждің базасында жеделдетілген курстардан өткені туралы жалған куәліктерді бергені және толтырғаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Соттың үкімімен М.Ержанов
7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Зырян қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Сибитовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Оған азамат Н.-дан заңсыз аң аулаған 3 азаматқа қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулыны шығарғаны үшін 280 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
Агенттік төрағасы бизнес өкілдерін олардың қызметіне заңсыз араласу мен заңсыз тексеруден қорғауды біздің қызметіміздің басты бағытының бірі ретінде анықтады. Осыған байланыс-ты департаменттің негізгі қызметі облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан заңды бизнестің дамуына кедергі келтіретін көріністердің алдын алу және жолын кесуге бағытталған.
Осы бағытта департамент шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік, құқық қорғау және бақылау органдары тарапынан негізсіз тексерулерден қорғау жөнінде меморандумға қол қойды.
Бизнес өкілдерімен өткізілген кездесулерде бизнес дамуына кедергі келтіретін және қызметтеріне негізсіз араласу деректерінің жолын кесу үшін қажетті шешімдер бойынша мәселелер талқыланып, көтерілген бірқатар мәселелер өз шешімін тапты.
Жүргізіліп отырған жұмыстар мен бизнес субъектілермен тығыз әрекет нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтауға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет- құрылыстық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлерден құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензияны беру және бұрын берілген лицензиялардың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде пара талап ету фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған болатын. Қазіргі уақытта соттың 1 сатысымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары К.Мүкеевтің құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияны беру және мерзімін ұзартуы үшін бірнеше мәрте пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды. Соттың үкімімен К.Мүкеев мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Әр сәрсенбі сайын кәсіпкерлерді, бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласу, шағын және орта бизнесті қорғау және қолдау мәселелері бойынша қабылдау жүргізетінімді еске саламын.
Сыбайлас жемқорлыққа дем беріп еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұру қаржы полициясы органдары қызметінің басты бағыты болып табылады.
Қазіргі уақытта салық және мемлекет қазынасына міндетті басқа төлемдерді төлемей заңсыз ақша қаражатта-рын «жымқырумен айналысатын жалған кә-сіпорындардың қызметі мемлекетке орасан зор шығын келтіруде. Жалған кәсіпкерлік фактілері бо-
йынша облыста 5 қылмыс-тық іс қозғалды, келтірілген шығын сомасы 2,4 млрд. теңгені құрап отыр.
Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында Өскемен қаласында осындай қылмыстық топ құрықталды.
Департамент қызметкерлеріне ШҚО бойынша әділет департаментінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз бірнеше жалған кәсіпорынды тіркеген облыс орталығының әкелі-балалы 2 тұрғынына қатысты ақпарат келіп түсті. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 8,7 млн. теңге сомасындағы ақшалай қаражатты банктен алып, оны контрагентке беру кезінде олар қолға түсті. Аталған топтың ақшалай қаражатты қолма қол алып, жалған есепшоттарды жазып беру мақсатымен жалған 3 кәсіпорынды құрып, оның қызметіне басшылық жасағаны анықталды. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған кәсіпорындардың директорлары өздерінің таныстарының өтініші бойынша аталған кәсіпорындарды құрғандарын, бірақ олардың қаржы-шаруашылық қызметіне қатыстарының жоқ екендігін түсіндірді. Офистерді қарау барысында жалған кәсіпорындардың мөрлері, бухгалтерлік құжаттары, ұйымдастыру техникалары алынды. Аталған топтың заңсыз қызметінен 300 млн. теңгеден артық соманың шығыны келтірілді.
Экономикалық қылмыспен күр-
есетін қаржы полициясы орган-дарының басты назары теріс пи-ғылдағы қоғамдық бірлестіктерді, экстремистік және террористік ұй-ымдарды қаржыландырумен айналысатын ұйымдардың жолын кесуге бағытталады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық-экономикалық, оның ішінде салықтық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту жөніндегі жұмыстар ары қарай жалғасын тауып, қылмыстық іс-әрекеттердің қатарында мемлекет пен қоғамға елеулі қауіп төндіретін қылмыстар ғана қалатын болады.
Қаржы полициясы органдарының қатарын жауапсыз, жұмысына салғырт қарайтын қызметкерлерден тазарту агенттік төрағасының жеке бақылауында тұр.
Атап айтқанда, ішкі қауіпсіздік қызметімен салық басқармасының қызметкерінен оған қатысты қызметтік жалғандық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғамауы үшін 300 мың теңге пара алу үстінде қолға түскен департаменттің бұрынғы қызметкері Ж.Әбішева сот үкімімен 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар департамент қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, заңсыз тексерулер мен өзге де заңға қайшы іс-әрекеттер жүргізетін болса, департаменттің ішкі қауіпсіздік қызметінің сенім телефоны
25-12-72 нөміріне хабарлауға болатынын атап өткім келеді.
Агенттікте өткен кеңесте бөлімшелер-дің барлық бастықтарына төрағаның егер қол астындағы қызметкерлер сы-байлас жемқорлық қылмыстарын жа-сайтын болса, онда олардың басшыла-рын да қызметтен босататыны туралы талабы жеткізілді.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту мәселесін қойды. Қазіргі уақытта агенттікте барлық жеке құрамды аттес-тациядан өткізу тәртібі жасалып жатыр. Аттестациядан кейін қаржы полициясы қызметкерлері қатарында біздің алдымызға қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмаларын тиімді орындайтын кәсіби мамандар қалатын болады.
Сөз соңында, уәкілетті құқық қорғау органы ретінде біз үшін басты көрсеткіш азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің біздің қызметке деген сенімі болып табылатынын атап өткіміз келеді. Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес тек бүкіл қоғамның қолдауымен ғана тиімді болмақ. Біз халықтың қаржы полициясы органдарының қызметіне сенімін арттыруға және азаматтық қоғамның субъектілерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шаралар кешенін одан әрі жалғастыруға ниет білдіреміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив