KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстан бидайын сомали қарақшыларынан Жибути қорғай ала ма?

4.03.2012, 18:00 138


Сомали қарақшылығы мен Шығыс Африка жағалаулары еліне қазақстандық транзиттік жүк жеткізу қауіпсіздігі ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Жибути Республикасы Сыртқы істер министрі Махмуд Әли Юсуфтың арасында талқыланды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Жибути арасында 2010 жылы орнатылған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жибутидің рөлі мен орналасуы ҚР СІМ басшысы атап көрсеткендей, «өте маңызды». Өткені, министрдің айтуынша, Жибути ірі теңіз айлақтары бар Шығыс Африка қақпасы болып табылады. Осыған байланысты, Жибути да Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделік танытуда. Бұл деген алдағы уақытта қазақстандық тауарларды Жибути айлақтары арқылы Африка құрлығына транзитке шығаруға оң қадам туады деген сөз.
«Қазақстан мен Жибути Африка мен Орталық Азия құрлықтарында екі бір-біріне қарым-қатынасты жалғастырушы маңызды нүкте болып қалуы мүмкін. Қазақстанда исламдық банкинг тетіктерін қалыптастыру мен қазір басты қауіп туғызып отырған қарақшылық түйткілдерін талқылау маңызды болып табылады. Біз қазақстандық бидай таяу күндері Жибути нарығын толтырады деген үміттеміз», деді Джибути сыртқы ведомсво басшысы.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив