KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Бүгін Ресейде президент сайлауы өтеді

3.03.2012, 18:00 302


Бүгін Ресейде елдегі ең басты саяси науқан - президент сайлауы өтеді. Сайлау алдындағы күн - тыныштық күні ретінде болып өтті. Бұл күні үміткерлердің үгіт-насихат жүргізуіне тыйым салынған.

Ресейдегі сайлауға бес үміткер түскелі отыр: олар - «Единая Россия» партиясының атынан қазіргі премьер-министр Владимир Путин, өзін-өзі ұсынған үміткер «ОНЭКСИМ Тобы» президенті Михаил Прохоров, Ресей Коммунистік партиясының атынан Мемлекеттік думаның депутаты Геннадий Зюганов, «Справедливая Россия» партиясының атынан Мемлекеттік думаның депутаты Сергей Миронов, ЛДПР партиясының атынан Мемлекеттік думаның депутаты Владимир Жириновский.

Мемлекет басшысы осы жолы алғаш рет алты жылға сайланбақ. Сайлау учаскелерінде байқаушылардың рекордтық көрсеткіші болады деп күтілуде, олар дауыс берудің адал өтуін қадағалайтын болады. Ал сайлау үдерісі дауыс беру орындарында орнатылған веб-камералармен арқылы Интернет таратылады.

Сайлау қарсаңында Президент Дмитрий Медведев ел азаматтарына арнап үндеу жолдады. Онда мемлекет басшысы Ресей халқын дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысуға шақырып, бұл әр азаматтың борышы екенін атап өтті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив