KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Бақылауды босаңсытпау керек

1.03.2012, 18:00 172


Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Т.Ахметбаевтың басшылығымен Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының ішкі бақылау қызметі өкілдерінің қаты-суымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ішкі бақылау органдарының өзара қатынасы мен үйлесімді қызметі бойынша мәселелер талқыланды. Басты назар ішкі бақылау өткізу әдістемесі бойынша мәселеге аударылды. Әсіресе, оны кейінгіден ағымдағыға қайта бағдарлау, бюджетті орындау кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ, ішкі бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, нақты нәтижеге бағытталған бюджеттік және қаржылық бақылау жүйесін біріктіру жайында сөз болды. Ішкі бақылау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Семинар-кеңес қорытындысында ішкі бақылауды өткізу және жоспарлау бойынша ақпарат алмасу өткізілді. Сонымен қатар, ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтеріне методикалық көмек көрсетті, ішкі бақылау өткізу ережелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді және мемлекеттік бақылаудың стандарттарын түсіндірді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив