KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

28.02.2012, 18:00 113


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының жаңа басшысы болып, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болған Қайрат Нұрпейісов тағайындалды, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Қайрат Мәмидің өкімімен ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы лауазымына Қайрат Нұрпейісов тағайындалды», - делінген таратылған хабарламада.

Қайрат Нұрпейісов 1957 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған.

Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар стансасының локомотив депосында слесар болудан бастаған.

1982—88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.

1998—2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды.

2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі.

2008 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2009 жылдың тамызынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

"Құрмет" орденінің және бірнеше ҚР медальдерінің иегері.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив