Семейдегі Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында мектеп оқушылары арасында «Біз – ұлы Абай ұрпақтарымыз» атты байқау болып өтті.
Сайысқа қаладағы 30 шақты мектеп қатысты. Іріктеу кезеңінен 9 қатысушы ғана өтіп, сахнада өнерін көрсетуге мүмкіндік алды. Шара өткен жылдары орыс тілінде өткенмен, биыл бастан-аяқ қазақ тілінде жүргізілді. Және әр сайыскердің мемлекеттік тілді білуі, сахна мәдениетін сақтауы ескерілді. Байқау қорытындысы бойынша №10 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы О.Лейс бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды №7 мектеп-лицейінің оқушысы А.Зенкова иеленді. Ал №36 орта мектептің оқушысы Т.Ганза үшінші орынды еншіледі.
Байқауды тамашалауға жиналған көрермен қауым қатысушылардың өнеріне риза көңілмен тарқасты.