KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстан облысының үш ауданында өртте 4 адам қаза болды

27.02.2012, 18:00 281


Шығыс Қазақстан облысының үш ауданында өртте 4 адам көз жұмды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

27 ақпан күні сағат 20.00-де Аягөз қаласында «Лесная поляна» саяжай қоғамының саяжайлық үйінде өрт болды.

Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді. Жалынның шарпыған аумағы 24 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 44 және 43 жастағы екі ер адамның мәйіттері табылды.

27 ақпанда сағат 12.10-да Зырян ауданының Прибрежный кентінде жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты.

Жалын сағат 15.03-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеті адамы мен екі техникасы жұмылдырылды. От 42 шаршы метр аумаққа тарады. Оның салдарынан 71 жастағы кейуана қаза болды.

Осы күні сағат 17.19-да, Шемонаиха ауданының Пруггерово ауылында «Қамышин-2» ЖШС мал шаруашылық кешенінің аумағындағы жекеменшік тұрғын үй өртенді.

От бір сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 4 жасар баланың мәйіті табылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив