KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Қолға алынған әрбір іс нәтижелі болуы тиіс

26.02.2012, 18:00 497


Өткен жұма күні облыс орталығы Өскеменде аймақ халқы үшін аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға болды. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жергілікті атқарушы билік органдары жұмысының 2011 жылғы қорытындысы мен ағымдағы жылға арналған мақсат-міндеттер жөнінде ауқымды есептік кездесуін өткізді. Мұндай жиын алдымен Семейде, одан кейін Өскеменде өткізілгенін атап өткен орынды. Алқалы жиынның ауқымдылығы сол, оны Өскемендегі «Үлбі» мәдениет сарайына жиналған мыңға жуық тұрғындардан бөлек шаһарда-ғы ЛЭД-панелдер мен «ОТАU ТV» сандық-спутниктік телеарнасы арқылы берісі облыс, арысы республика жұртшылығы тікелей эфирден тамашалады. Айта кетейік, мұндай тың бастама елімізде алғаш рет қолға алынды.

Алқалы жиынның
ауқымы кең болды

Есептік кездесу басталмай тұрып мәдениет үйіне жиналған аудандар мен қалалардың өкілдерін, жауапты басқармалар мен мемлекеттік органдардың басшылары қабылдап, сол жерде бірқатар мәселелер өз шешімін тапқан-ды.
Жиынға облыс орталығына жақын орналасқан аудан-қалалардың жауапты өкілдері, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, ақпарат құралдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынның ең басты қонағы ретінде Астанадан арнайы ат шалдырып келген Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов мырза қатысты.
– Өткен 2011 жыл біздің облыс үшін Тәуел-сіздіктің 20 жылдығы аясындағы айтулы қо-ғамдық-саяси, әлеуметтік-маңызды оқиғаларға толы, айшықты мәдени-бұқаралық іс-шаралар-мен ерекшеленген жыл болды, – деп сөзін бас-таған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бір са-
ғатқа жуық уақыт бойы өңірдің әлеуметтік-эко-номикалық жетістіктері мен табыстары жайында, орындалған міндеттер турасында баян етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін барлық деңгейдегі әкімдердің есептік жиындары өткізіл-ген. Барлығы 972 кездесуге 130 мыңнан астам адам қатысып, олардың тарапынан 2265 сұрақ пен ұсыныс келіп түскен. Бұл – өткен жылғымен салыстырғанда 1074-ке кем. Сұрақтардың бұ-лайша азаюы жергілікті жердегі атқарушы органдар жұмысының нәтижесі, халықтың билікке деген сенімінің артып келе жатқандығын айғақтаса керек. Аймақ басшысы осыны ескеріп, биылдан бастап облыстағы барлық әкімдер екі мәрте ел алдында есеп беретіндігін жеткізді.
Жалпақ жұрт аймақ басшысы Бердібек
САПАРБАЕВТЫ үнемі ат үстінде, ел аралап жүр-ген кезінде көреді. Мәселені сол жерде шешуді жөн санайтын Әкім былтыр облыстың барлық қалалары мен аудандарында 143 рет жұмыс сапарымен болыпты. Осы орайда 237 елді мекенге ат басын тіреп, халықпен 198 кездесу өткізген. Ол жиындарға ұзын саны 56 мыңнан астам адам қатысыпты. Бұған қоса барлығы 609 нысанды аралап көрген.

Өңірдің жалпы өнімі
он жылда бес есе өсті

Өңірдің жалпы өнімі 1 триллион 400 миллиард теңгеден асып отыр, бұл – облыстың әрбір тұрғынына шаққанда 7 мың доллардан келеді екен. Яғни, 2001 жылғы көрсеткіштен 5 есеге көп. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 800 миллиард теңгені құрап, 10,1 пайыздық өсімге (республикадағы үлесі 5,1%) қол жеткіздік. 2015 жылға қарай мұны 7,7%-ға дейін жеткізу көзделуде.
Өткен бір жылда 6,5 мың отбасы жаңа пәтерлерге ие болса, ауылды жерлерде 186 жас маман несие арқылы баспанаға қол жеткізді.
Одан бөлек әлеуметтік салада 75 нысан қол-данысқа берілді. Мұның бәрі тұрғындардың әл-ауқатына, жақсы тұрмыс кешуіне оң әсерін тигіз-
гені анық. Байқап отырсақ, атқарылған шаруалар аз емес, алайда алда тұрған міндеттер одан да ауқымды. Өз сөзінде облыс Әкімі Бердібек
САПАРБАЕВ Елбасы Жолдауында көрсетілген әлеуметтік-экономикалық жаңғырту алдағы он жылдықта басты назарда ұсталатын мәселе екенін қадап тұрып айтты.
– Біздің негізгі міндетіміз – халықты еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Еңбекпен қамту саласында ең алдымен жүйелі оқытуды ұйымдастырып, білім алып шыққан адамдарды жұмысқа орналастыруда қолдау көрсетілуі керек. Былтыр кәсіби-техникалық білім беру жүйесін реформалауды қолға алғанбыз. Облыс бюджетінен материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1 миллиард теңге көлемінде ақша бөлдік. Өнеркә-сіп өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен өңірде кәсіби-техникалық білімді дамыту жөнін-де одақ жұмыс істейді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде биз-несті қалай тиімді жүргізу керектігін оқыту шаралары іске асырылуда, 587 шағын несие берілді. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 5 миллиард теңге игерілді, – деп атап көрсеткен аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ биыл бұл бағытта 6 миллиард теңге қарастырылғанын, 13 мың жұмыс орны құрылатынын, қайта оқытудан 8,5 мың адам өтетінін және 1200 шағын несие берілетінін жеткізді.

Дағдарыспен күресуге дайын отырмыз

Жоба демекші, былтыр индустрияландыру картасы аясында 16 миллиард теңгенің 9 жобасы өндіріске жол тартқан-ды. Жалпы аталмыш бағдарлама іске асырыла басталғалы бері өңірде құны 155 миллиард теңгені құрайтын 21 жоба қолданысқа беріліп, қосымша 25 миллиард теңгенің тауар өнімдерін алдық. 2,5 мың жаңа жұмыс орындарын аштық.
Аймақ басшысы кездесу үстінде Еуропа елдерін есеңгіретіп, енді бізге қарай жылжып келе жатқан дағдарыстың екінші толқынына төтеп беру үшін бірқатар проблемаларды шешу қажеттігін нақтылады.
Дағдарыс кезінде өңірдегі өндіріс көлемі 17%-ға дейін, ал жұмыстан қысқарғандар қатары 19,1 мың адамға дейін жетуі ықтимал. Соған сәйкес төмендегідей іс-шаралар атқарылмақ: индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында – 2,8 мың, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен – 2,6 мың, өңірлік «Жол картасы» аясында – 1 мың, шағын жобалар картасы бойынша – 11 мың, қолжетімді баспана бағдарламасымен 2 мың адам еңбекпен қамтылмақ. Нәтижесінде барлығы 20,2 мың адам кәсіппен айналысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Бүгінгі күні мәселесі шешілмей тұрған бірқатар кәсіпорындар бар. Олар: Зырян ауданындағы «Серебрянка бейорганикалық өндіріс зауыты» ЖШС, Глубокое ауданындағы «Капитал құс фабрикасы» ЖШС, Шемонайха ауданындағы «Ертіс химия-металлургиялық зауыты» АҚ. Аталған кәсіпорындардың күрмеуі қиын күрделі мәселелерін шешіп, жұмысын жандандыру үшін үкіметтік деңгейде арнайы жұмыс тобы құрылып, әрекет етуде.
Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруда Катонқарағай және Глубокое аудандарының жұмысы мардымсыз. Облыс орталығында индус-триялды аймақты қолданысқа беру және өндіріс орындарын орналастыру жағы әлі күнге аяқтал-май отыр. Осы түйткілдерді алға тартқан Әкім аудандар әкімдеріне, кәсіпкерлік және өнеркә-сіп, ауылшаруашылығы басқармаларының басшыларына шалғай аймақтарда, шекараға жақын орналасқан елді мекендерде жаңа өндірістер ашуды ширату керектігін мықтап тапсырды.
Өңірді дамыту мақсатында басты назар тірек ауылдар құруға аударылған-ды. Ол үшін бюджеттен 635 миллион теңге бөлінген. Ауылды жерде индустриялды аймақ құрудың нақты мысалы Көкпекті ауданындағы құны 5,9 миллиард теңге тұратын «Елім-ай Көкпекті» инвестиция-лық жобасын айтуға болады. Жоба толық орындалса, 400 жұмыс орны ашылмақ. Айта кетейік, аталған аудандағы Көкжайық тірек елді мекенін қаржыландыруға мемлекеттен 1998 миллион теңге қарастырылған.
Инвестициялық жобалардың бірсыпырасы ауылшаруашылығы саласында бар. Мұндағы басым бағыт – мал шаруашылығы. Ағымдағы
жылы мал басын шамамен 1 миллионға дейін жеткізу, соның ішінде асыл тұқымды мал санын 5-тен 7%-ға дейін арттыру көзделген.
(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Сиыр етін өнеркәсіптік негізде өндіру 11%-ға дейін өседі, оның ішінде сыртқы сауда көлемі 4 мың тоннадан кем емес. Қазіргі уақытта етті экспорттау жүргізіліп жатыр.
Асыл тұқымды ірі қара малдың облыстағы орташа үлес (6,7%) салмағы Зайсан, Катонқарағай аудандарында 1%-дан сәл асса, Тарбағатайда – 1,4%, Күршімде – 2,5%.
– Бұл аудандар сүтті сиырларды өсірумен, олардың өнімдерін өңдеумен жеткілікті түрде айналыспайды. «Жайлау» бағдарламасы, мінеки, үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда, мал сатып алуға шағын несиелер беріліп отыр. «Ертіс» ӘКК арқылы 150 миллион теңге бөлінді. Агроөнеркәсіпті алға бастырамыз десек, осының бәрін пайдалануымыз керек, – деп сөзін жалғастырған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ биыл 7 мыңдай мал басы сатып алынатындығын, оның 30%-ы шетелдік селекция болатынын айтты.
Бүгінгі таңда мал өнімдерін кәдеге жарататын өңірде 3 сервистік-дайындау орталық жұмыс істейді, биыл олардың қатары тағы да үш орталықпен толығады.
Ауылшаруашылығының жетекші саласының бірі – егіншілік. Алайда аймақта егістік алқаптарды оңтайлан-дыру және өнімділікті арттыру, тыңай-тқыштарды қолдану, тұқым сапасын жақсарту жағы сәл кемшін соғуда. Сондай-ақ, Глубокое (30%), Шемонайха (28%) және Зырян (28%) аудандарында өсірілетін дәнді-дақылдардың ішінде күнбағыстың үлесі тым жоғары. Осы орайда Әкім диқаншылықпен айналысатын аудандардың басшыларына жердің мүмкіндігін жүз пайызға пайдаланып, әртүрлі тыңайтқыштар мен жаңа технологиялардың көмегімен өнімділік көрсеткішін ең жоғары деңгейге жеткізуді міндеттеді. Бұған қоса не қаражаты жеткіліксіз, не ауыл шаруашылық техникалары жоқ шағын шаруа қожалықтарының жұмысын ретке келтіру қажеттігін ескертті.

Экология мәселесі – ерекше назарда

Бұдан соң Әкім экология мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, Өскемен қаласында қоғам өкілдерінің бастамасымен тұңғыш рет бюджеттік емес қаражаттың көмегімен экологиялық мониторинг жүргізіп және ауаның құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын қадағалап отыратын өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Экологиялық болжау сараптамалық орталығы құрылды. Одан бөлек неше жылдан бері батпақтан көз ашпаған Комендантка өзенінің арнасы тазартылып, абаттандырылып, Пионер өзенінің арнасы қайта қалпына келтірілді. Облыстағы ірі қалалармен қатар аудан-ауылдарда да көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Өнеркәсіп орталығына айналған Өскеменнің экологиялық ахуалы республикалық комиссияның қатаң бақылауында. Қоғамдық кеңес өкілдері мен мемлекеттік органдардың тізе қосып атқарған бірқатар кешенді іс-шаралар нәтижесінде қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік туды. Дей тұрғанмен, Әкім шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының, көліктердің сыртқа шығаратын зиянды қалдықтары қадағалаушы органдар тарапынан дұрыс қаралмай отырғанын айтты.
Бұл күнде облыста он мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Соның төрт мыңға жуығы Өскемен қаласында. Дегенмен, былтыр салынған 2338 пәтер аз да болса өңірдегі тұрғын үй кезегінде тұрғандардың қатарын азайтқаны анық. Облыс орталығында 15 көпқабатты және 150 жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Зырян және Риддер қалаларында, Шемонайха, Зайсан, Көкпекті (Көкжайық ауылы) аудандарында жоба аясында екі пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр. Жер телімдерін бөлуді және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді қамтамасыз ету керек. «Мейірім» бағдарламасымен және қабылданған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жетімдер үйлерінің 3,5 мың баласын баспанамен қамту көзделіп отыр.
Ескірген тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы да биыл өз жалғасын таппақ. Оған республика бюджетінен 812,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Әкімнің айтуынша, облыс қалаларын-дағы көпқабатты үйлердің жартысынан көбісінің тозығы жеткен. Сол себепті тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын кешенді түрде жаңғырту қолға алынып, 117 үй жөндеуден өтті, соның ішінде Өскеменде 93 үй бағдарлама-
ның шапағатын көрді.
Шалғай елді мекендермен қатынас жағдайы да кездесуде жеке әңгімеге арқау болды. Әсіресе, Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Ұлан, Зырян аудандарының шеттегі ауылдарына автобустар жүрмейді. Бұл мәселені шешуді аймақ басшысы аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына тапсырды.
Қазіргі күні өңірде 7,3 миллиард кВт /
сағат электр қуаты өндірілуде, соған қарамастан энергияға деген тапшылық 1,4 миллиард кВт/сағатты құрайды. Осы ретте Бұлақ СЭС-ін, шағын және орта деңгейлі өзендерде су-электр стансаларын салу, сондай-ақ, Согра, Өскемен, Зырян ЖЭО-ларын жөндеуден өткізу қуат көзі тапшылығын жоюға біршама көмек болмақ.
Инженерлік инфрақұрылымдардың 70-тен 90 пайызға дейін ескіруі, қол-даныс мерзімінің аяқталуы үлкен проб-лемаға айналған. Оның үстіне комму-налдық төлемдерге қайтаратын берешек көлемі де аз емес, бақандай – 338 миллион теңге.
Қай кезде де халықты мазалайтын дүние – әлеуметтік мәселелер. Өзінің баяндамасында облыс Әкімі бұл тақырыпқа тереңірек тоқталып, жан-жақты айтып өтті.
– Биыл біз апаттық мектептердің орнына 26 жаңа білім ошағын қолданысқа өткіземіз. Өткен жылы 1800 орындық 15 балабақша ашылды. Өңірдегі мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, десек те, қазір балабақша кезегінде 13 мыңнан астам бала тұр. Ағымдағы жылы алты бала-бақшаның құрылысы басталды, оның үшеуі көп ұзамай ашылады. Барлығы 3,5 мың баланы қамту жоспарда бар, – деп түсіндірген Бердібек САПАРБАЕВ Өске-мен қаласы мен Көкпекті, Зайсан, Шемонайха аудандарында балалар лагерін іске қосуды тапсырды.
Білімнен соң басты назар денсаулық сақтау саласына ауды. Облыс басшысы-ның есебінше, аталған салаға жыл сайын бюджеттік қаржының жиырма пайыздан астамы бөлінеді. Қыруар қаржының беріліп жатқанына қарамастан нәтиже ауыз толтырып айтарлықтай емес, онко-логиялық, жүрек, туберкулез ауруларымен сырқаттанғандар және қайтыс болғандардың көрсеткіші әлі де төменде-меуде.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын ны-ғайтуды қаржыландыру жыл сайын артып келеді, кейінгі үш жылда 2,6 миллиард қаржы бөлініпті. Алайда қымбатқа сатып алынған заманауи жаңа медициналық құрылғылар тиімді пайдаланылмауда, себебі оны кәдеге жарататын кадрлар жеткіліксіз. Өз сөзінде Әкім медицина мамандарының тапшылығын жоюды жауапты басқарманың басшысына жүктеді.
Адам капиталын арттыру мақсатында алдағы уақытта өңірде 29 отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілмек. Тұрғындарды жүз пайызға медициналық тексеруден өткізу де күн тәртібіне қойылған. Халықтың салауаттылығын көтеру үшін бұқаралық спортты дамыту керек, спорттық нысандар елдің игілігіне жаратылуы тиіс.

Әлеуметтік дүкендер санын арттыру керек

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өткен бір жылдың ішінде 11,8 миллиард теңгені құрайтын 3,5 мың меморандумға қол қойылған. Әлеуметтік мәселелердің шешілуіне өңірдегі ірі кәсіпорындар мен жекелеген бизнес өкілдері шамасы келгенше қол ұшын созып бағуда.
Халықтың қабырғасына батқан түйткілді проблеманың бірі – азық-түлік бағасы. Бұл ретте атқарушы билік қарап отырған жоқ, жыл көлемінде жәрмеңкелер өткізіп, түрлі меморандумдар жасасып, тұрақтандыру қорын құрып, сол арқылы ең негізгі азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге әрекет етуде. Былтыр аймақта 684 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 5 мыңға тақау меморандумға қол қойылды, қосымша әлеуметтік дүкендер желісі ашылды. Тұрақтандыру қорына 1,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, оған азық-түлік тауарларының тоғыз түрі бойынша (картоп, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пияз, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы) қор жиналды. Өскеменде тұрақтандыру қорының та-уарлары есебінен 24 сауда нүктесі жұ-
мыс істейді. Алайда мұның өзі жеткі-ліксіз. Келешекте әлеуметтік дүкендер желісін кеңейте түсу жоспарланып отыр.
Есептік кездесуде мәдениет пен тарих тақырыбы да тасада қалмады. Баяндамашы өңірдегі мәдени-тарихи, археологиялық ескерткіштерді жаңғыр-тып, тұрғындардың мәдени деңгейін одан ары көтеру қажеттігін айтты. Ескінің көзіне айналған ескерткіштердің келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мән-мазмұны зор екендігі рас. Сол сияқты ұлтымыз-дың ұлы перзенттері Абай, Шәкерім, Мұхтар, Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен насихаттау да – аға ұрпақтың парызы. Осының бәрін жүйелі түрде жүзеге асыруды Әкім мәдениет басқармасына және аудан-қалалардың әкімдеріне тапсырды. Одан бөлек облыс тұрғындарының көзайымына айналған «Туған жерге – тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» акциялары, форумдар, халықаралық бал фестивалі секілді Шығыстың мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтататын іс-шаралар биыл да жалғаса бермек. Айтпақшы, облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ өз сөзінде тұңғыш рет біздің Шығыста республикалық «Ағажай, Алтай» музыкалық байқауы және «Балапан» балалар байқауы өтетіндігін мәлім етті. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында «Шұғылалы Шығыс» атты Шығыс Қазақстанның мәдени күндері өтетінін айтты.
Биыл мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіруге, Өскемендегі қазақ драма театрының құрылысына, ауылдық мәдениет клубтарын, шығармашылық үйлерін жөндеуге, хоккей модульдерін, жекпе-жек сарайын, жеңіл атлетика манежін, жабық футбол алаңын салуға қаражат бөлінген.
Облыс орталығында ағымдағы жы-лы «Мега», «Метро» сауда-ойын-сауық орталықтары, толайым сауда базары, 120 орындық қонақүй, Неке сарайы салынып, Металлургтер сарайы күрделі жөндеуден өткізіледі. Айта кетейік, Өскемендегі Металлургтер сарайы жекеменшік иеліктен мемлекет қарамағына берілді.
Әкімнің сөзіне қарағанда, биыл өңірде орындалуын күткен шаруалар көп екен. Осының бәрін түсіндіре келе Бердібек САПАРБАЕВ аймақтың игілігі үшін атқарылатын ауқымды істерді бірлесе отырып жүзеге асыруға шақырды. Бұдан кейін кезек сұрақ-жауапқа келді.
Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ сұрақтарға жауап бермес бұрын қатысушыларға өз атына мақтау сөздер айтудан аулақ болуды, сауалдарды қысқа да нұсқа түрде қоюды өтінді.
Ирина Агешкина, Риддер қаласы:
– Қаламыздағы су құбырлары желілерінің сексен пайыздайы әбден ескірген, ал оларды толық жаңарту қомақты қаржы бөлуді талап етеді. Осы мәселе қалай шешілмек?
– Біз таяудағы уақытта Риддер тұрғындарын сапалы ауызсумен қамта-масыз етуді көздеп отырмыз. Өткен жылы осы мақсатқа облыстық бюджеттен 110 миллион теңге бөлінген болатын. Биыл да қаржы бөлу қарастырылуда.
Мұхаметолла Ағзамов, Ұлан ауданы:
– «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында көптеген спорттық іс-шаралар өткізіліп, спорттық нысандар мен әртүрлі модульдер салынуда. Алайда осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда бір-де-бір жеңіл атлетикаға арналған манеж жоқ. Осы игілікті істі өзіңіз қолға алған екенсіз, қуаныштымыз. Осы манеждермен бірге басқа да спорттық нысандар салынса деген тілегіміз бар.
– Сұрақ өте дұрыс. Шынымен де боксшыларға, палуандарға, жеңіл атлеттерге қысқы маусымда жаттығатын орын жоқ. Өскеменде бір хоккей модулі салынды. Екіншісін таяуда іске қосамыз. «Қазақмыс» компаниясымен келісімге сәйкес Шемонайха және Глубокое аудандарында, сонымен қатар бюджет қаржысына Семейде ұзын саны бес модуль салынады.
Одан басқа жеңіл атлеттер мен шағын футболға арнап манеж құрылысы жүргізіледі. Екіншісін, яғни, бокс пен күрестің барлық түрлеріне арналған ғимаратты жылдың соңына дейін аяқтап, қолданысқа өткіземіз.
Эва Теут, Өскемен:
– Сол жағалау аумағында бой көтер-ген этноауыл бүгінгі таңда Өскемендегі ғана емес, мұқым Шығыстағы көрікті орындардың біріне айналды. Осы демалыс аумағын абаттандыру жұмыстары ары қарай жалғаса ма?
– Міндетті түрде жалғасады. Біз биыл шеберлер қалашығының құрылысын аяқтап, жағажай аумағын абаттандыруды, қосымша гүл бақтарын отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ауқымды жоба аясында, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған көпір, Жекпе-жек сарайы мен екінші Президенттік мектеп салу қарастырылған.
Татьяна Нетунаева, жастарға арналған «Кругозор» мәдениет және туризм орталығының жетекшісі, Өскемен:
– Жастарымыздың, жалпы тұрғындардың экологиялық мәдениетін, өкінішке қарай, жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. Осыған орай біз Комендантка өзенін тазалау міндетін жақын маңдағы оқу орындарына бекітіп беруді ұсынамыз. Бұл – жеткіншектердің табиғатты аялау сезімін оятады деп санаймыз.
– Дұрыс айтасыз, экологиялық жағдайды жақсарту – тек биліктің ғана міндеті емес. Көп жайттар тұрғындардың өзіне, олардың өз қалаларына, елді мекендеріне деген сүйіспеншілігіне байланысты.
Өскемен қалалық білім бөлімінің бастығы Александр Кузнецовке оқу орындарына Комендантка өзенін тазалау міндетін бекітіп беруді және осы іске С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерін де тартуды тапсырамын.
Валерий Қасымбаев, «Пасека» шаруа қожалығының жетекшісі, Меновное ауылының тұрғыны:
– Мені ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі алаңдатады. Өзім негізінен омарта шаруашылығымен шұғылданамын. Былтыр тоғыз миллион теңге көлемінде несие алған едім. Осы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша тағы да несие алуыма бола ма?
– Бәрі де өзіңізге байланысты, несие алу үшін жұмыс істеу қажет. Бізде ара
және марал шаруашылықтарын дамы-тудың арнайы бағдарламалары бар. Біз осы бағдарламаның аясында алғашқы болып жергілікті бюджет есебінен несие бере бастадық. Үкімет омарта және марал шаруашылықтарын дамытуға субсидия бөлудің ережелерін бекітті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасы ауылдық жерлердегі кәсіпкер-лікті өркендетуге арналған. Бізде қар-жы жеткілікті, тек осы бағытта ұтымды ұсыныстар мен тың идеялар тапшы болып отыр.
Нұрлан, Көкпекті ауданы:
– «Елім-ай» жобасын жүзеге асыруға байланысты 2013-2014 жылдарға елді мекендерді байланыстыратын көлік жолдарын жөндеу жоспарланған-ды. Осы жұмысты ағымдағы жылдан бастауға болмай ма?
– «Елім-ай» инновациялық жобасы келер жылдан бастап жұмыс істеуі тиіс. Ол бірнеше маңызды өңдеуші кәсіпорындарды біріктіреді. Сондықтан жолды жөндеу биылдан басталады.
Шаруа қожалығының басшысы, Ұлан ауданы:
– Біздің ауданның 2 мың гектар суармалы жері Ертістің сол жағасындағы Шемонайха және Глубокое аудандары аумағында орналасқан. Осы жерлерді қайтарып алуға болмай ма?
– Сұрақты дұрыс қойып отырсыз. Ұлан ауданында суармалы жерлерді пайдалану бағытында ауқымды істер атқарылуда. Біз мұны қолдаймыз. Ертістің сол жағалауындағы жерлерді қайтару мәселесімен менің орынбасарларым және жер қатынастары басқармасы айналысады.
Риддер қаласының тұрғыны (селекторлық режим арқылы):
– Біздің қаланы жылумен Риддер жылу-энергия орталығы және «ЛТВК» ЖШС қамтамасыз етеді. Мәселе мынада – Риддер жылу-энергия орталығының құрал-жабдықтары 70 пайызға, ал «ЛТВК» ЖШС-нің жүйелері жүз пайызға ескірген. Жылу жүйелерін коммуналдық меншікке беруге көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Проблеманы шешудің басқа жолын көріп тұрғамыз жоқ.
– Риддер ЖЭО-ға қатысты ешқандай мәселе жоқ. Жылу орталығын қайта құруға, кәсіпорынға тиесілі құбырларды жөндеуге инвестициялар түсіп жатыр.
Сонымен бірге «ЛТВК» серіктестігі өз міндеттерін толық орындамай келеді. Жылыту маусымы аяқталған соң біз мәселені құқық қорғау органдарының көмегі арқылы шешетін боламыз.
Ержан Құттыбаев, Тарбағатай ауданы:
– Ауылдағы ағайындар «Қолжетімді баспана» бағдарламасына үміт артып отыр. Ауылда бұл мәселе өте өзекті. 2010 жылғы тасқыннан кейін жарқырап бой көтерген Көкжыра мен Жәнтікей елді мекендері бүгінгі заманауи тұрғын үй жағдайы қандай болуы керектігін көрсетіп тұр. Алдағы уақыттарда осындай тамаша үйлер салынып, жалға беріле ме?
– Тұрғын үйлер Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай аудандарында салынады. Тарбағатай ауданында он үй салынады, оның бесеуі – Ақжарда, бесеуі Ақсуатта бой көтереді.
Светлана Маусымбаева, Өскемен:
– Облыстық әкімдік экологиялық бағдарламаларды орындау бойынша «Қазцинкке» қатысты қандай шаралар қабылдауда? Автокөлік түтіндері бойынша жағдай қадағалана ма? Тағы бір сауал, өткен жылы мен Абай мен Шәке-рімнің мемориалында болдым. Кешен-нің қазіргі жағдайы жүрек ауыртады. Аталмыш тарихи-мәдени ескерткішті жөндеу қарастырылған ба?
– Заң бойынша әкімдіктің «Қазцинк» секілді кәсіпорындар жұмысын бақылауға құқы жоқ. Онымен Экология министрлігі айналысады. Дей тұрғанмен, біз белгілі бір жұмыстарды атқарып жатырмыз, өйткені, тұрғындардың таза ауамен дем алуына мүдделіміз.
Ауадағы автокөлік түтіндерінің жалпы мөлшері бақыланып тұрады.
Сіз Жидебай кешенінің қазіргі жағдайына қатысты мәселені өте орынды көтеріп отырсыз. Құнды ескерткіш ескірген, күрделі жөндеуді талап етеді. Бірақ, өкінішке қарай, біз оны жөндеуге жергілікті бюджет есебінен бір тиын да бөле алмаймыз. Себебі, кешен Мәдениет министрлігінің қарамағында.
Ағымдағы жылы еліміз Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығын атап өтпек. Кешен аумағында республикалық Абай оқуларын ұйымдастыру жоспарланған. Салтанатты іс-шаралар қарсаңында кешен қалпына келтірілуі тиіс. Осыған байланысты біз қазіргі кезде Мәдениет министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Мұхан Сахариев, Тарбағатай ауданы:
– Менің естуімше, Парламентте Семей полигонының салдарына қатысты заң әзірленіп жатқан көрінеді. Ядролық сынақтан зардап шеккендерге бұл заң не береді?
– Біріншіден, заң әзірленіп жатқан жоқ. Биыл «Ядролық сынақтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толады. Біз Парламенттің алдына осы жиырма жылдың ішінде аталған заң халыққа не берді, қандай толықтырулар қажет деген мәселені қойдық. Ұсынысымыз қабылданды. Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қоғам өкілдері, тиісті сала мамандары кіреді. Мақсат – заңға өзгертулер енгізу, полигоннан жапа шеккендердің жағдайын жақсарту.
Гүлнар Нұрбикенова, Күршім ауданы:
– «Дипломмен – ауылға» бағдар-ламасы аясында біздің ауданға жас мамандар келуде. Осыған орай оларды
баспанамен қамту мәселесі туындап
отыр. Бос тұрған бес қабатты ғимарат-ты күрделі жөндеуден өткізу үшін жер-гілікті бюджеттен 42 миллион теңге қарастырылған болатын. Сізден жетпей тұрған 142 миллион теңгені бөлуге кө-мек көрсетуіңізді сұраймыз.
– Бұл мәселенің мән-жайына бір-
шама қанықпын. Мәселе шешіледі. Сондай-ақ, мәдениет үйінің құрылы-сына қатысты жағдайды да білемін. Мен Күршім ауданының әкіміне оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзір-леу туралы міндет жүктедім.
Осы орайда аздап ойлану да керек қой?! Бәрі де өз аудандарында 600
орынға арналған мәдениет үйін салғы-сы келеді. Оның қажеті қанша? Сыйым-дылығы ары кетсе 200-250 орындық мәдениет үйлерін салған жөн. Бұл жеткілікті деп санаймын.
Айта кететін жайт, күршімдіктердің ең өзекті мәселелерінің бірі – өткел. Ұзындығы шамамен үш шақырым болатын көпірді салу үшін кем дегенде он-он бес миллиард теңге қаржы қажет. Қазіргі кезде мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Біз паромдардың иелеріне оларды коммуналдық меншікке беру туралы бірнеше мәрте ұсыныс жасадық. Олар өз кезегінде паромдар үшін қыруар қаржы талап етіп отыр. Мүмкін, күршімдіктердің өздері жерлестерімен келісімге келе алатын шығар.
Зайсан ауданының тұрғыны:
– Ауданда 382 отбасы баспана кезегінде тұр. Бұған қоса жас кадрлар, соның ішінде медицина мамандары келіп жатыр. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөліне ме?
– Егер жобалық-сметалық құжаттары әзір болса, Зайсан ауданына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жалдамалы және несиеге пәтерлер салуға көмек көрсетіледі.
Әділбек Әбілмәжінов, Зайсан қаласы:
– Шекаралық аймақта орналасқан Қаратал орта мектебін күрделі жөндеу-ден өткізуге қаражат бөлуіңізді сұрай-мын.
– Білім басқармасына тапсырма бе-ремін. Құрылыс басқармасымен бірле-сіп, ұсыныстарын әзірлесін. Мәселені шешеміз.
Вячеслав Малахов, Катонқарағай ауданы:
– Жетім балаларды баспанамен қамтуға қатысты мәселе алаңдатады. Біз-дің кәсіби лицейде 35 жетім бала оқиды. Жатақханамыз бар, оқуларын аяқтаған соң балаларды сонда қоныстандыруға болады. Бірақ, ғимараттың үшінші және төртінші қабаттары күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.
– Өте дұрыс сұрақ. Білім және құрылыс басқармаларына аталмыш жағдайды зерделеп, өз ұсыныстарын әзірлеуді тапсырамын.
Әлия Тоғызова, Зырян қаласы:
– Ауданда балабақша проблемасы шешімін таппай отыр. Жеті жүз бала кезекке тіркелген. Салынып жатқан балабақша мұның тек жартысын ғана қамтамасыз ете алады. Осы орайда тағы бір балабақша салуға мүмкіндік бар ма?
– Салынып жатқан ғимараттар бірінші тоқсанда қолданысқа беріледі. Және екінші балабақша салынады. Оған дейін нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптамалық жұмыстар жүргізу керек. Одан бөлек жартысы бос тұрған мектеп ғимараттары бар. Сол орындарға шағын орталықтар ашуды қолға алған жөн.
Бошай Кітапбаев, Өскемен:
– Биыл жүз жыл толып отырған Дінмұхамед Қонаевтың біздің облыс тарихында, шығысқазақстандықтардың жүрегінде ерекше орын алады. Осы орайда мен Мемлекет басшысының алдына Риддер қаласына Қонаевтың атын беру жөнінде мәселе қоюды ұсынамын. Сондай-ақ Өскемендегі көшелердің біріне облысты бірнеше жыл басқарып, үлкен істер жасап кеткен Ілияс Омаров-тың есімін беретін кез жеткен сияқты.
– Дінмұхамед Қонаевтың жүз жылдығына байланысты ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Тұлғаның есімімен Риддер қаласын атау туралы ұсынысты жоғарғы жаққа жеткіземіз. Ілияс Омаровқа көше атын беру мәсе-лесін де қарастыратын боламыз.
Георгий Кожевников, Өскемен:
– Мені Қазақстан көшесінің жағдайы, әсіресе оның орталық базардан бас-тап теміржол көпіріне дейінгі аумағы алаңдатады. Орталық базар маңында берекесіз көше саудасы тыйылмай келеді. Көше бойындағы қаптаған дүңгіршектерде сапасы күмән тудыратын азық-түлік тауарлары сатылады. Дәл осы жерде такси тұрағы, автобус және трамвай аялдамалары орналасқан. Демалыс күндері көше жиегі көліктерге толып кетеді. Сізден осы мәселеге назар аударып, шешуіңізді өтінеміз.
– Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан көшесінің және өзге де облыс орталығындағы күре жолдардың жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Олқылықтардың орнын толтырамыз.
Сіз көше саудасына, дүңгіршектердің, базарлардың жүйесіз жұмысына қатысты дұрыс мәселе көтеріп отырсыз. Мен Өскеменнің жаңа әкіміне жағдайды ретке келтіру жөнінде тапсырма бердім. Өткен күзде арнайы жұмыс тобы құрылған болатын, оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері енген-ді. Бейберекет сауда тыйылып, көше бойы тәртіпке келтірілді. Алайда, қазіргі жағдай тағы да жұмыс тобының араласуын талап етеді. Оның жұмысы жуық арада қайта жанданбақ. Қатаң шаралар қабылданатын болады.
Барлық базарлар санитарлық-эпидемиологиялық станцияның, техникалық және өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Барлық бақылаушы органдарға сауда орындарында тәртіп орнату міндеті жүктелген. Қала орталығында дүңгіршектер болмау керек.
Екатерина Татикова, «№2 емхана» КМҚК бас дәрігері, Өскемен:
– Өткен жылы Өскеменнің жас дәрігерлеріне 48 қызметтік пәтер бе-рілген болатын. Биыл жас мамандарды баспанамен қамту жұмыстары жалғаса ма?
– Жұмыс жалғасады. Ағымдағы жылы Өскеменде он көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Солардан білім беру, денсаулық сақтау саласының жас мамандарына пәтерлер бөлетін боламыз.
Серікбол Сиырбаев, Зайсан ауданы:
– Су тазарту ғимараттарын салуға қажетті құжаттар бар, сараптама жүргізілген. Өтініш, осы нысанға республикалық бюджеттен ақша бөлінсе.
– Шағын және орта қалаларды да-мыту бойынша республикалық бағдар-лама бар. Біз осы бағдарламаға Зайсан қаласын енгізуді ұсынғанбыз. Қаражат бөлінеді.
Катонқарағай ауданының тұрғыны:
– Катонқарағай ауылы бұрын аудан орталығы болған. Қазір де өзінің көріктілігін жоғалтқан жоқ. Алайда осыдан қырық жыл бұрын салынған сумен қамтамасыз ету жүйелері және инженерлік желілер әбден тозығы жеткен. Күрделі жөндеуге қаражат бөлуіңізді сұраймыз.
– Біз бұрын аудан орталықтары саналған елді мекендерді үнемі назарда ұстап отырамыз. Катонқарағай ауданына тиісті көмек көрсетіліп келеді. Егер жобалық-сметалық құжаттамалары әзір болса, «Жол картасы» арқылы мәселені шешуге мүмкіндік бар.
Галина Шүлембаева, №15 өзін-өзі басқару комитеті ардагерлер кеңесінің төрайымы, Өскемен:
– Сол жағалау ауданы орталықтандырыл-ған жылумен қамту жүйесіне қашан қосылады? Біз сол сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз.
– Өскемен қаласының әкіміне мәселенің басын ашып, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.
Зырян ауданының тұрғыны:
– 2009 жылдан бері қаланың оңтүстік бөлігі судың астында қалуда. Сіздің көмегіңізбен былтыр 98 отбасы басқа орынға көшірілген. Енді басқа тұрғындардың жағдайы, олардың жарамсыз болып қалған үйлері не болмақ?
– Түсіндіре кетейін, аудандағы кеніштің орналасқан жерінде болжам бойынша су 2020 жылға қарай көтерілуі керек-тін. Бірақ су ертерек шығып кетті. Көктемнен бастап біз аяқталмаған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді қолға аламыз. Сол кезде мәселенің түйіні толық шешіледі.
Марат Нұрғалиев, Өскемен:
– Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия-ның ғимаратын 77 миллион теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізу үшін барлық құжаттар әзір тұр. Өтініш, осы жұмыс «Жол картасына» енгізілсе.
– Колледж – бұл өте қажетті білім мекемесі, оны мұқым республикада жақсы біледі. Менің орынбасарларыма тапсырма беріледі. Ұсыныс енгізілген соң қараймыз.
Зайсан ауданының тұрғыны:
– Аудандық орталық аурухананың жылу және су құбырлары, кәріздері ауыстыруды қа-жет етеді. Сметалық құжаттары дайын. Жұмысты іске асыруға қаражат керек. Сол сияқты, ауданда демографиялық ахуал жақсарып келеді. Аудан халқының саны 37 мыңнан 43 мың адамға жетті. Медициналық қызмет көрсету жағдайы заман талаптарына сай келмейді. Аудандық ауруханада орын жетіспейді. Емхана бұрынғы балабақшаның ғимаратына орналасқан. Егер ауданда жаңа емхана салынса, балабақша ғимараты да қайтарылар еді. Осы шаруаны биылғы жоспарға енгізсе.
– Аудандық аурухананың мәселесін денсаулық сақтау бас

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив