KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 8 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

Шылымқорлықтан қалай арылуға болады?

26.02.2012, 18:00 111


Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 миллион адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 миллиард адам темекі шегетіні анықталып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы осы темекіден 3 миллион адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.

Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді. Тағы да дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін. Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, ал шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекі тастасаңыз: 24 сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды, екі күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдармен теңеседі. Ал, үш күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға түссе, үш айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс істейді. Бір жылдан кейін жүрек ауру қаупі 50 пайызға азаяды. Он жылдан кейін өкпе обырына шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікімен теңеседі. Он бес жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
Яғни, темекі тартуды күн сайын азайтып, ақырында ада-гүде арылуға болады екен. Бір ескеретін жағдай, темекіні тастағаннан соң оны қайтадан тартпау керек. Ол есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, Исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып, бір үлкен күнәні құрайды екен. Үлкен күнә жасамай, Жаратқан иеден қорқыңыз. Сол сәт темекі құмарлығыңыз бәсең тартады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив