KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Иіс тию салдарынан бір жас адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды - ҚР ТЖМ

24.02.2012, 18:00 203


Иіс тию салдарынан бір жас адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 24 ақпан күні Астанадағы Көктал-2 шағын ауданының Қарасу көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 26 жастағы ер адам, 18 жасар бойжеткен және он жастағы қыз балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Алматыдағы Қалқаман шағын ауданының Сыпатай батыр көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдегі қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 21 жастағы жігітке иіс тиіп, оқиға орнында көз жұмды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив