KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Қаржы полициясы: «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында келтірілген бюджет шығыны - 1,5 млрд. теңге

23.02.2012, 18:00 61


«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында келтірілген бюджет шығыны 1,5 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында ең ірі залал «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында келтірілген, ол 1,5 млрд. теңгені құрады. Көрсетілген мерзімде қаржы полициясы органдарымен осы салада 34 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Мәселен, ресми өкілдің атап өтуінше, Астана қаласының құрылыс департаменті бастығының орынбасары Ю.Ярош 7 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Ол қабылдау актісін жасамай, Астана қаласының сол жағалауындағы Амбулаторлық-емханалық кешен үшін жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған медициналық жабдықтар бойынша атқарылған жұмыстардың бағасы туралы анықтамаға қол қойған. Мемлекетке келген залал 32 млн. теңгені құрайды.

«Оған қоса, Ярош 2007 жылғы қараша-желтоқсанда Қоянды су құймасындағы демалыс аумағын және «Степной» гараждық кооператив ауданындағы тұрғын үйлер құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, 135 млн. теңге залал келтірген», - деді М.Жұманбай.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив