KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Серпінді ЖОБАЛАР ДАМУЫМЫЗҒА сеп

23.02.2012, 18:00 215


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ биылғы Жолдауын түсіндіру және аймақтағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Өскеменде болды.
Кәсіпорынның
керегесі кеңейеді

Жұмыс тобы алдымен жарты ғасырдан астам уақыт бойы машина қондырғыларын шығарып келе жатқан, енді өндіріс бағытын өзгертіп, вагон жабдықтары құймаларын өндіруді қолға алып отырған «Шығыс машина жасау» АҚ-да болды. Зауыт директоры Александр Деревянко Индустрия және жаңа технологиялар министрін биыл іске қосылғалы отырған №10 – вагон құймалары цехының өндірістік қуатымен таныстырып, кәсіпорында еңбек өнімділігін, жұмысшылардың еңбекақысын арттыруға байланысты ат-қарылып жатқан іс-шараларға тоқтал-ды.
«Шығыс машина жасау зауыты» АҚ – тау-кен өндірісінің құрал-жабдықтары мен металлургия, кен ба-йыту кәсіпорындарына қажетті қосалқы бөлшектерді өндіріп келе жатқан еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдерін Қазақстанмен бірге жақын шетелдерге де шығарып келген зауыт өндіріске қажетті айналым қорының болмауынан төрт-бес жылдан бері тығырыққа тіреліп, жұмысы бір тоқтап, бір жүріп, 500-ден астам кәсіби мамандарын жоғалтқан болатын. Бүгінгі күннің сұранысына қажетті өнімдерді шығарып, өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мақсатында 2005 жылы зауытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелендіруімен вагон жабдықтарын шығаратын жаңа жоба қолға алынған еді. Алайда қаржылық қиындықтардың туындауынан оның іске қосылу мерзімі кейінге шегеріліп, соңғы жылдары зауыттың да, жұмысшылардың да берекесі кете бастаған болатын.
Облыс Әкімінің қолдау, көмегінің нәтижесінде зауытқа жаңа инвестор табылып, қазір тоқтап қалған кәсіпорын өндірісі қайтадан қалпына келтіріліп, жұмыс істеп жатыр. Өткен жылғы сәуір айынан бастап зауыттың акцияларын «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «Қамқор жөндеу корпорациясы» сатып алып, «Халық банкі» АҚ несиесі арқылы жобаны қаржыландыру мәселесі де толық шешілді. Енді кәсіпорын үшін барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, тұтынушылармен екі арадағы бұрынғы байланыстарды қайтадан орнатып, жұмыс қарқынын арттыру ғана қалды. Жыл соңында вагон жабдықтары құймасы өндірісі іске қосылса, кәсіпорынның өндірісіне ерекше серпін бермек.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, жаңа акционер келгеннен бастап, зауыт жұмысшыларының жалақысы 1,8 есеге көбейіп, еңбек өнімділігі 1,6 есе артқан. Тапсырыс көлемі екі миллиард теңгеге дейін көбейіп отыр. Қазіргі күні мұнда бір мың адам еңбек етіп жатыр.
Банкротқа дейін барған кәсіпорын жұмысы тұрақтанды. «ҚТЖ» ұлттық компаниясы инвестор болып келгелі жағдай өзгерді. Зауыттағы вагон құймалары жабдықтары өндірісі жыл соңында іске қосылатын болады. Келер жылдан бастап, осында жылына 4 мың вагон құймалары жабдықтары шығарылмақ. Жобаның құны – 10 миллиард теңге. Жаңа өндірісте шығарылатын вагон жабдықтары өнімдерін түгелдей «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы сатып алатын болды. Қолдаушы, сатып алушы бар. Вагон шығаруға қажетті жабдықтар бұрын Ресейден алынатын, енді ол жабдықтарды сіздердің зауыттарыңыз өндіретін болады. Еңбек өнімділігін арттырып, үнемділікке қол жеткізіп, жаңа технологиялар енгізілуде. Басты міндеттің бірі – өнімді сапалы шығару. Жаңа өндіріс білікті, кәсіби мамандарды талап етіп отыр. Зауыттың әкімшілік және жөндеу бөлігі бүгінгі уақыт талабына сай едәуір қысқармақ. Осы шараларды жүзеге асыру барысында қысқартуға ұшыраған жұмысшыларға басқа жұмыстар ұсынылады, олар қайта даярлықтан өтіп, қайтадан оқып, жаңа өндірісте ашылған жаңа жұмыс орындарына маман болып барады,– деді зауыт жұмысшыларының алдында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ.
Әсет ИСЕКЕШЕВ Елбасының Жолдауына байланысты елімізді индустрияландыруда негізгі басымдықтың аймақтарға берілетіндігін, осы орайда Шығыс Қазақстанның индустрияландырудағы орны ерекше екендігін атап өтті. Аймақта жаңа бизнес көздері, жаңа жұмыс орындары ашылу үшін өркендеудің басқа да жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Шығыста автомобиль жасау өнеркәсібінің қарқынды дамуына жағдай жасап, табиғаты ерекше өңірде туризмді дамыту қажет. Министр биыл аймақтың туризмін дамыту бағдарламасын жасауға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінетіндігін жеткізді.
Зауыттың жаңа акционері «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының» президенті Асқар Мамин кездесуде жұмысшылардың өндірістік цехтардың құралдарын жаңартуға, еңбекақыға қатысты қойған сауалдарына нақты жауап берді. Болашақта зауыттың механикалық жөндеу және басқа цехтарының құрал-жабдықтары жаңаланып, өндірілетін өнім түрлерінің артып, жұмысшылардың жұмыс істеуіне жағдай туғызылып, еңбекақының көбейетіндігіне уәде берді.
Индустрияландыру картасына еніп отырған жобаға сай кәсіпорынға мемлекет тарапынан қаржылай қолдаулар жасалуда. Бүгінде Үкімет аталған кәсіпорынға 7 миллиард теңгенің субсидиясын беріп отыр. Кәсіпорынға ағымдық сауықтыру жүргізу үшін өткен жылы «Ресей жинақ банкі» арқылы айналым қорына 300 миллион теңге несие алынған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының экспорттық бағыттағы өнімдер шығаратын өндірісті қолдау бойынша биыл 95 миллион теңге қарастырылған.

Тағы бір тың жоба

«Қазцинк» ЖШС-де былтырғы жыл-дың тамыз айында іске қосылған мыс балқыту зауыты биылдан бастап толық қуатында жұмыс істеуге көшпек. Бұл кәсіпорын – соңғы жиырма жыл ішінде елімізде салынған ең ірі зауыт. «Қазцинк» ЖШС-де келер жылдардан бастап тағы бір жаңа индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылатын болып отыр. «Қазцинк» компаниясына келген еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрін кәсіпорын басшылары «Гидрополимет» жобасының өндіріске берер пайдасымен таныстырды.
Төменгі сұрыпты концентраттарды атмосфералық сілтілеу тәсілі арқылы өңдеуге бағытталған жаңа өндіріске нанотехнологиялық әдістер де қолданылмақ. Өндіріс – қалдықсыз технологияға негізделген. Концентраттарды атмосфералық сілтілеу негізінде өңдейтін бұл технология Австралия, Финляндия елдерінің өнеркәсібінде қолданылуда. «Қазцинк» инженерлері осы технологияны жетілдіріп, өз өндірісімізге бейімдеген. Жоба Риддердегі металлургиялық кешенде іске асырылмақ. Биыл кәсіпорынның Риддер металлургия кешенінде «Гидрополимет» жобасының өндірістік-тәжірибелік алаңы жасалып, алғашқы сынақ жұмыстары басталмақ.
Әсет ИСЕКЕШЕВ «Қазцинк» ЖШС-нің былтыр іске қосылған мыс зауытының жұмысымен, ағымдағы жылы аяқталғалы отырған қорғасын өндірісін қайта жарақтандыру барысымен де танысып, осындағы мыс балқыту цехының жұмысшыларымен Президент Жолдауы, одан туындайтын маңызды міндеттер жайында әңгімелесіп, кәсіпорынның болашақтағы жұмысын бағдарлады.
Қорғасын өндірісін қайта жарақ-тандыру осы өндірістен атмосфераға шығарылып жатқан күкірт диоксиді газының көлемін мың тоннаға азайтады. Жаңадан сатылып алынып, құрылып жатқан өндіріс жабдықтары, жаңа технология күкірт қышқылын бұрынғыдан әлдеқайда көп мөлшерде ұстап қалып, ауаға жібермей, қала экологиясының жақсаруына бірден-бір мүмкіндік бермек.
Өңір экономикасының дамуында ерекше орын алып отырған қос кәсіпорында болған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ Шығыс Қазақстанда индустрияландыру картасының жемісті жүргізіліп жатқанын атап айтты.
– Аймақта автомобиль құрастыру өндірісі де тұрақты даму жолына түсті. «АзияАвтоның» шығарып жатқан көлік-тері қазіргі стандарттар талаптарының бәріне жауап береді, ыңғайлы. Сондық-тан қазақстандықтарға биыл 20 мың көлемінде шығарылады деп болжанып отырған отандық автомобильдерді сатып алыңыздар деймін, – деді министр.
Теміржол бекеті –
қаланың басты қақпасы

Кез келген жолаушы қай қалаға бармасын, ең алдымен оның теміржол бекетіне көңіл аударатыны сөзсіз. Теміржол бекеті сол қаланың басты қақпасы сынды. Теміржол бекетінің бет-бейнесіне қарап қаланың тұрмысы, тазалығы, мәдениеті қандай деңгейде екенін де бағамдауға болады. Осы орайда өнеркәсіпті Өскеменнің «Защита» станциясындағы теміржол бекетінің бүгінгі жай-күйі қандай?
«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин облыс орталығына келген сапарында аталған теміржол бекетіне арнайы ат басын бұрып, бекеттің іші-сыртын мұқият аралап, жағдайымен танысып шықты.
Бұл теміржол бекеті 1936 жылы салынған екен. «Вокзал-сервис» АҚ президенті Қайрат Тұрлыхановтың айтуынша, қазіргі таңда бекетке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр. Теміржол бекетінің бастығы Елена Ларионованың айтуынша, бекеттің жалпы аумағы 650 шаршы метрді құрайды. Дәл қазіргі уақытта мұнда ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы жоқ екен. Бұл мәселе жолаушылар үшін әжептәуір қолайсыздықтар тудыратыны түсінікті.
Асқар Мамин теміржол бекетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жауапты адамдарға жобалық-сметалық құжатты тездетіп жасап, өзіне таныс-тыруды тапсырды. Барлық маңызды мәселе облыс әкімшілігімен бірлесіп шешілуі тиіс. Асқар Мамин теміржол бекетінің аумағын 1000 шаршы ме-
трге дейін жеткізіп, мүгедек адам-дарға арбамен жүретіндей қолайлы жағдай жасап, пандустар салуды да қадап айтты.
Жобалық¬-сметалық құжаттары әзірленгеннен соң жөндеу жұмыстары мамыр айында басталып, жылдың аяғына дейін аяқталуы қажет. Еліміздің бас теміржолшысы жөндеу жұмыстарының теміржол бекетінің жұмыс кестесіне кесірін тигізбеуі қажет екенін де ескертті.

Зауыттың өнімін алсаң, өкінбейсің

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин Өскемен конденсатор зауытының да тыныс-тіршілігімен танысты. Негізі сонау 1932 жылы қаланған кәсіпорын қазіргі күні отандық өндірістің көшбасшысы болып отыр. Қазіргі күні «Өскемен конденсатор зауыты» өндіретін өнімдердің санымен қатар сапасы да артуда. Жыл сайын зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, ғылымның жетістіктері көптеп енгізілуде. Кәсіпорын басшысы Владимир Аксенов өзге мемлекеттердің теміржолшыларымен өзара әріптес-тіктің қалыптасқаны туралы да әңгі-меледі. Өз кезегінде Асқар Мамин бұл мәселенің біздің елдің теміржолы үшін де маңыздылығына тоқталып, болашақта Қазақстан электр қуаты-мен қозғалатын локомотивтерді белсенді түрде пайдаланатынын, мұның еліміз үшін пайдасы көп болатынын айтты.

Жақсы дәстүр жалғасын табады

Өскемендегі хоккейдің қазіргі хал-ахуалы қандай? «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин бұл жолғы сапарында өзін толғандырған осынау сауалға да жауап ала кетуді жөн санапты. Өйткені ол – Қазақстан Республикасындағы хоккей федерациясының президенті. Осыдан бір айдай уақыт бұрын облыс орталығындағы №11 мектеп-гимназиясының жанынан жабық хоккей модулінің ашылғаны белгілі. Бұл спорт кешені мұз айдынындағы барлық спорт түрінің дамуы үшін жақсы мүмкіндік болды. Хоккей модулінің құрылысына 275 млн. теңге жұмсалыпты. Үш мың шаршы метрді алып жатқан мұз айдыны бар хоккей модуліне Асқар Мамин арнайы барып, хоккейшілердің ойынын тамашалады. Еліміздегі хоккей федерация-сы бас директорының орынбасары Сергей Дроздов пен Өскемендегі балалар мен жасөсіпірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Николай Банишевский де осынау спорт нысанының облыс орталығында хоккейді дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін жеткізді. Бұрын шайбалы хоккейден өскемендіктердің алдына түсетін жан табылмайтын. Жақсы дәстүр жалғасын табуы тиіс. Хоккейдің бағын қайта жандыру үшін жастардың қызығушылығын оятқан жөн. Қазіргі күні балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті жабдықтардың барлығы да сатылып алынып қойыпты. Асқар Мамин осындай спорт нысанын Защитада
да салу қажеттігін ескертті.
Шайбалы хоккей жайлы әңгіме Б.Александров атындағы Спорт сарайында жалғасты. Бұл уақытта мұндағы мұз айдынында өңіріміздің басты командасының жаттығуы жүр-іп жатыр екен. Хоккей федерация-сының президенті Асқар Мамин «Қазцинк-Торпедо» командасының бас жаттықтырушысы Олег Болякин-ді, Дмитрий Дударев секілді танымал хоккейшіні сөзге тартты.
– Облыс басшылығы шайбалы хоккейді дамытуға үлкен мән беріп отыр, – деді Асқар Мамин. – Біздің міндетіміз – осынау дәстүрді жалғастырып, ілгері жылжыту. Алдағы уақытта мұндай мүмкіндікті аудандар мен қалаларда да жасау қажет.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив