KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2,2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Біздің облыстан олимпиада ойындарына кімдер қатысады?

23.02.2012, 18:00 171


Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында биыл 26-шілде мен 12-тамыз аралығында ХХХ жазғы Олимпиада ойындары өтеді.
Төрт жылда бір рет ұйымдас-тырылатын байрақты бәсекеге дүниежүзінің сынақтан сүрінбей өткен спорт саңлақтары ғана қатысады. Қазіргі уақытта біздің облыстан халықаралық жарыстарда нәтижелі өнер көрсеткен бес спортшы Лондондағы Олимпиадаға қатысу лицензиясын жеңіп алды.

Солардың арасынан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, жеңіл атлет Ольга Рыпакованы ерекше атап айтуға болады. Ольга – үш қарғып секіруде дүниежүзіндегі ең мықты деген спортшылардың алдыңғы қатарында келеді. Ол 2010 жылы әлем чемпионы атанса, өткен жылғы әлем чемпионатында күміс медальды иеленді. Мұның алдындағы Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алған болатын. Білікті мамандардың айтуынша, Лондонда Ольганың топты жарып шығуына күш-жігері жетеді. Соңғы жылдардағы және бүгінгі таңдағы халықаралық ірі жарыстардағы жетістіктері оның спорттық бабында екенін білдіреді.
Спорт шебері Анастасия Сопрунова – кедергілер арқылы 100 ме-трге жүгіруде Қазақстан халықтары спартакиадасының өткен жылғы жеңімпазы. Анастасия «б» тобында Олимпиада нормативін орындады.
Бокстан халықаралық дәреже-дегі спорт шебері Данабек Сужанов – үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытайда) өткен Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде елімізге кеңінен танымал спортшылардың бірі. Данабек былтыр Баку (Әзірбайжан) қаласында өткен әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеле-ніп, Олимпиадаға қатысу лицензиясын жеңіп алған-ды. Жылдан-жылға шеберлігі шыңдалып келе жатқан Данабек Сужановтың Лондон Олимпиадасында жүлделі орындардың біріне ілігуі әбден мүмкін.
Байдарка мен каноэде ескек есуден спорт шебері Сергей Черкасов былтыр желтоқсан айында Қытайдың Мия қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдені еншілеп, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Лялько биылғы Азия чемпионатында тректі велоспорттан жеңімпаз атанып, Лондонда бақ сынау құрметіне ие болып отыр.
Лондонға жол ашатын лицен-зиялық жарыстар әлі аяқталған жоқ. Сол жарыстарда бақтарын сынайтын біздің облыстың спортшылары да Ұлыбритания астанасына баратын Қазақстан ұлттық құрама командасы қатарына қосылуы әб-ден мүмкін. Енді солардың аты-жөндерін атап өтелік.
Жүзуден спорт шебері Роман Трусов – өткен жылғы Қазақстан халықтары спартакиадасының же-ңімпазы. Роман бұл күндері «б» тобында нормативті орындады.
Дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркебұлан Қосаев 60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп жүр. Соңғы екі жылдан бері әлем Кубогының жүлдегері ретінде халықаралық дзюдо федерациясының рейтингі бойынша 15-орында тұр. Ал аталған федерацияның талабына сай Еркебұлан Олимпиада ойындарына қатыса алатындай мүмкіндігі бар.
Ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Кузнецов (85 келі салмақ дәрежесінде) 2009 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені иеленген болатын. Қазақстанның жалпы командалық төрт лицензиясы бар. Ал сол команда сапында Олимпиадаға кімдердің баратынын ұлттық құрама бапкерлері анықтайды.
Биіктікке секіруден Азия чемпионатының жүлдегері, спорт шебері Виталий Цыкунов пен халық-аралық дәрежедегі спорт шебері Анна Устинова, еркін күрестен Түркияда, Венгрияда, Беларусьте және Ресейде өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері, халықара-лық дәрежедегі спорт шебері Се-
мен Семенов алдағы лицензиялық турнирлерде жақсы өнер көрсетіп, біздің олимпиадашылар қатарын толықтырар деген үміттеміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив