KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Ішкі істер министрлігінің құрылымында жаңа тағайындаулар болды

23.02.2012, 18:00 238


Қазақстан Республикасы Ішкі іcтер министрлігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 71 жеке құрам бойынша бұйрығымен бірқатар тағайындаулар болды.

Атап айтқанда, Криминалдық полиция комитетінің төрағасы лауазымына полиция генерал-майоры Қанат Қожахметов, Тергеу комитетінің төрағасы лауазымына полиция полковнигі Марат Қожаев, Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ахан Қажкенов тағайындалды. Сонымен қатар, Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Тілеген Маткенов, Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев бекітілді. Ал Көліктегі Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив