KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Осы бағдарлама талайдың бағын жандырды

23.02.2012, 18:00 140


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында Қазақстан дамуының басты бағыты елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту екені айқындалып, алдымызға әралуан маңызды міндеттерді жүктеді. Негізгі бағыт – қазақстандықтарды жұмыспен қамту.
Катонқарағай ауданында «Жұмыспен қамту – 2020» қанатқақты жоба бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жұмыссыз, аз қамтылған азаматтар тегін оқытылып, жаңа мамандықтарды игеріп, біліктілігін арттырып, тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бағдарлама басталған аз уақыттың ішінде көптеген ауыл тұрғындары тұрмысын жақсартып, жаңа мүмкіндіктерге ие болды. 2011 жылы кәсіби оқуға – 140, қайта оқытуға – 5 және біліктілігін жоғарылатуға 7 адам жіберілді. Биыл бұл бағыт бойынша жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Үкімет тарапынан жасалып отырған мүмкіндік барынша пайдаланылады.
Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтуға 2011 жылы республикалық бюджеттен 7 млн. 293 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Сөйтіп, 51 адам бюджет тарапынан 26 мың теңге жалақы алып, алты ай жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс та жалғастырылады. Бүгінгі күні 24 жұмыс беруші 55 әлеуметтік жұмыс орнын ашуға сұраныс беріп отыр.
Екінші бағыт бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін несие беріліп, жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге қолдау көрсетілді. Бұл бағытта республикалық бюджеттен жоспарланған 29 млн. теңгенің орнына 64 млн. теңге қаражат бөлінді. Аудандық комиссия 20 жобаны іріктеп алып, бір шағын несие серіктестігі және бес несиелік серіктестік құрылды. Құрылған серіктестіктерде 43 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ал биыл бұл бағытқа бөлінген қаражатты екі есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, яғни, ауылдық жерлерде іске асыруға болады деген барлық кәсіп түрлерін дамытуға ден қоямыз.
2011 жылы 750 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, дерек бойынша 1168 жаңа жұмыс орны құрылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 338 адам, кәсіптік даярлауға 40 жұмыссыз адам жіберілді.
2012 жылдың 1-қаңтарына 427 адам жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қам-ту – 2020» бағдарламасы бойынша жастар іс-тәжірибесіне он және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 21 түлек жұмысқа жіберілді.
Аз қамтылған азаматтарды кедейшіліктен шығаруға арналған қанатқақты жобалар бо-йынша әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адам тартылды.
Ауданымызда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша өткен жылы 15 жоба құрылып, 351 адам жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 184 адам жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа жіберілді. Ал кәсіптік даярлауға 41 адам жіберілсе, жастар іс-тәжірибесіне 13 түлек қатысты, соның ішінде бесеуі – №22 кәсіптік лицейді бітірген жетім балалар.
Жылдан-жылға халқымыздың жағдайы жақсарып келеді, яғни, оның бірден-бір көрсеткіші – атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың санының азаюы. 2010 жылмен салыстырғанда 45,4 пайызға кеміді немесе АӘК алушылардың саны 2012 жылдың 1-қаңтарында 695 адамды құрады.
2007–2011 жылдар аралығында жалпы білім беретін мектептердің түлектерін әлеуметтік қолдау бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балаларға облыстың жоғары оқу орындарынан облыс Әкімінің 54 гранты бөлінді. 2011 жылы 4 түлек жоғары оқу орнын аяқтап, аудан мектептеріне қызметке орналастырылды. Қазіргі уақытта 39 студент оқуларын жалғастыруда.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив