KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Бірқатар қарақшылық шабуыл жасаған банда Түркістанда ұсталды

22.02.2012, 18:00 109


Түркістан қалалық ІІБ қызметкерлері қарақшылықпен айналысқан топтың жолын кесті, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына полиция полковнигі, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

«Бүгінгі таңда ұсталған азаматтардың 4 қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі анықталып отыр», - деп нақтылады Қаракөзова.


Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 2 қаңтарында таңғы сағат 6.15-тер шамасында Түркістан ҚІІБ-нің кезекшілік бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын арызданған болатын. Ол өз шағымында көрсеткендей, бетперде киген 20-25 жас аралығындағы белгісіз тұлғалар жәбірленушінің үйіне басып кіріп, қарумен қорқыту арқылы жалпы құны 5 миллион теңге болатын алтын бұйымдары мен 400 мың теңгеге жуық қаражатын алып кеткен.


Бетперде киген күдіктілер дәл осы күні кешкі сағат 21.00-де 39 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне де қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Олар үй иесін тіркелмеген қарумен қорқытып, соққының астына алған, ал, балаларын бір бөлмеге қамап, аяқ-қолдарын байлап тастаған. «Балаларың керек болса сейфтің кілтін бер» деп қорқытқан күдіктілер ақыры темір сейфтің есігін ашып, ішінен 5 миллион теңге ақша мен жалпы құны 2 миллион теңге болатын алтын бұйымдарды және ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша күдіктілердің аталған жәбірленушіге келтірген шығыны 7 миллион теңгеден асып жығылды.


2012 жылдың 25 қаңтарында Абай аудандық ПБ-не 52 жастағы әйел азаматы шағымданған.


Осылайша жоғарыда аталған жәбірленушілердің барлығына келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгегеден астам жуықтады.


«Ағымдағы жылдың 19 ақпанында жүргізілген жедел тергеу шараларынан кейін түркістандық тәртіп сақшылары 1986-1989 жылдар аралығында туылған 5 күдіктіні қолға түсірді. Олардың екеуі түркістандық, тағы екеуі Шымкент қаласының және бірі Созақ ауданының тұрғындары», - дклінген хабарламада.


Ұсталғандарды тексеру кезінде олардың бірінің қалтасынан «героин» затына ұқсас есірткі заты табылды. Сот-медициналық сараптама ол заттың 10 грамм героин екендігін анықтап берді.

Аталған оқиғаларға байланысты ҚР ҚК-нің 179-бабы «қарақшылық», 259-бабы «есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, сату» және 251-бабы «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау, сату» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив