KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Жаңаөзенде болған тәртіпсіздіктер кезінде 12 адам атыс қаруынан, 2 адам дене жарақатының салдарынан мерт болды

21.02.2012, 18:00 144


Жаңаөзенде болған тәртіпсіздіктер кезінде 12 адам атыс қаруынан, 2 адам дене жарақатының салдарынан мерт болды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, қазіргі таңда арнайы прокурордың басшылығымен құрылған жедел-тергеу тобы 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қозғалған істі тергеу жалғастыруда. Тәртіпсіздіктердің салдарынан атыс қаруынан 12 адам қаза тапты, 2 адамның өлімі алған дене жарақаты салдарынан болды. 1 адам «Сулпак» сауда үйін тонау кезінде алған күйіктен қайтыс болды. «Тағы 1 адамның бытырамен жарақаттанып мерт болуы жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес», - деді Н.Сүйіндіков.

Оның деректеріне қарағанда, орын алған оқиғалардың себептері мен жағдайларын анықтау бойынша түпкілікті шаралар қабылдануда. Мысалы, тергеу барысында 2 мың 277 куәнің айғақтары алынып, 200-ден астам түрлі сот сараптамалары жүргізілді. Қосымша куәларды, оқиғаларды көрген адамдарды анықтау үшін қаланың орталық алаңы аймағындағы үйлерді үйме-үй аралау шарасы жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 1 мың 128 азаматтан жауап алынды.

«Орын алған оқиғалардың хронологиясын қалыптастыру үшін куәлар айғағы, бейнетүсірілімдер мен басқа материалдардың негізінде жаппай тәртіпсіздіктердің қатысушылары жөнінде мәліметтер дайындалды. Куәлардың айғақтарымен расталған бейнетүсірілімдер тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын және олардың белсенді қатысушыларын анықтауға мүмкіндік берді», - деді Н.Сүйіндіков.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив