KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қазақстанның көлік министрлігі көліктік бақылаудың стационарлық бекеттерін жабады

20.02.2012, 18:00 150


Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылаудың стационарлық бекеттерін жабауға ниетті, деп хабарлады ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев.

Оның ақпаратына сәйкес, «автомобиль жолдарының бүгінгі жағдайы қазіргі қолданыстағы әдістердің тиімсіз екенін дәлелдеп отыр, атап айтқанда, көліктік бақылау бекеттері. Жолдар тез бұзылуда».


«Оларды салып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгеру мүмкін емес. Misteryshopping технологиясы бойынша жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, шамадан тыс көлемде жүк тиелген жүздеген көлік республика жолдарында еш кедергісіз жүріп, асфальтты бұзуда. Ал, мұндай жолдармен жүру ешкімге де ұнамайтыны белгілі», - деп жазды министр өз блогына.


Олардың орнына барлық тасымалдаушыға бірдей салқынқандылық танытатын және ешкімнен пара талап етпейтін технологияларды қолданатын боламыз. «Арнайы қондырғылар көлікті қозғалыс кезінде өлшеп, барлық мәліметтерді ақпараттық жүйеге жіберетін болады. Соның нәтижесінде автомобиль иесіне айыппұл жазылады. Біз осылайша тасымалдаушыларды, олардың ішінде, шетелдіктерді шамадан тыс жүк тиеуден және жолдарды бұзудан арылтатын боламыз», - деп атап өтті министр.


«Айтпақшы, стационарлық бекеттерді жабу тағы бір проблеманы шешеді - әкімшілік тосқауылдарды қысқартады. Тасымалдаушылар мұндай бір пункттен өту үшін, кемінде 2 сағат уақыт жұмсайтындығын біледі. Оның 30 минуты жүкті өлшеуге жұмсалады. Енді арнайы өлшегіш аркалардың арқасында көліктер, жолда тіпті тоқтамайтын болады», - деп қорытындылады Жұмағалиев.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив