KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Халықаралық Алматы әуежайының әуеайлағы ТМД елдеріндегі ең үздік әуеайлақ атанды

20.02.2012, 18:00 109


Жақында Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы болып өтті, онда Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ деп танылды.

Өткен жылы Мемлекетаралық авиация комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осыған байланысты МАК басшылығы азаматтық авиацияның дамуы мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетаралық аэроалаң желілерін дамыту, әуе қозғалысын ұйымдастыру, заманауи авиация техникасын құру, авиация персоналын дайындау және осы заманғы техникалық қызмет көрсету әдістерін енгізген жетістіктері үшін бірқатар авиакомпанияларды марапаттау туралы шешім қабылдаған болатын. Ондаған номинанттар арасында Халықаралық Алматы әуежайы «Халықаралық әуеайлақты дамыту саласындағы жетістіктері үшін» атағына лайық деп танылды.

МАК басшысы Татьяна Анодина сертификатты ұсыну барысында Алматы әуеайлағының жетістіктерін ерекше атап өтіп: «Алматы әуежайы ІІІ В санатын енгізді, бұндай санатқа ие әуеайлақ Ресейде де жоқ», - деді.

Бұл номинация бойынша сонымен қатар «Пулково» (Ресей) және «Борисполь» (Украина) әуеайлақтары үздік деп танылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив