KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

ШҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, 57 жастағы ер адам қаза тапты

20.02.2012, 18:00 196


ШҚО-жа жеке тұрғын үйде өрт болып, 57 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі, 20 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы Дмитриевка ауылында Бейбітшілік, 105 көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй отқа оранды.

Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив