KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Көлік министрлігі ҚР-да көліктік бақылау саласында рұқсат ету құжаттарын екі есеге қысқартады

20.02.2012, 18:00 81


Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылау саласында рұқсат ету құжаттарын екі есеге қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев.

«Біз өткен айда комитеттің қызметіне талдау жұмыстарын жүргіздік. Негізгі проблемаларды анықтап, оларды біртіндеп жоюға бағытталған іс- шаралар жоспарын әзірледік. Негізгі проблемалар, әдеттегідей- бюрократия, сыбайлас жемқорлық, әкімшілік тосқауылдар», - деді Жұмағалиев.


«Бірінші қадам- рұқсаттамалық құжаттар санын қысқарту. Бүгінгі күні Көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылау желісі бойынша рұқсаттамалық құжаттың 33 түрін береді. Біз олардың жартысын қысқартуды көздеп отырмыз. Кейбір құжаттардың тіптен қажеті жоқ. Тәжірибе көрсеткендей олар бизнесті дамытуға кедергі келтіріп, сыбайлас жемқорлыққа жол береді», деп жазады министр.



Кейбірін ескерту тәртібіне көшіреміз. «Қалғандарын автоматтандырамыз және бұл қызметтерді ХҚКО беретін боламыз. Басқаша айтқанда, тасымалдаушыға мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, мемлекеттік қызметкерлермен кездесудің қажеті болмайды. Тек тиісті құжаттарын ХҚКО өткізіп, нәтижесін білуге белгіленген күні келсе болғаны», - деп атап көрсетті Жұмағалиев.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары







Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив