KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Алакөл көлінде мұз ойылып, балықшылар мінген көлік суға батып кетті, 2 адам қаза тапты

19.02.2012, 18:00 129


Алматы облысындағы Алакөл көлінде мұз ойылып, ішінде балықшылар бар көлік суға батып кетті, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Жексенбі, 19 ақпан күні сағат 07:30-да Алматы облысы, Қамысқала ауылының маңындағы Алакөл көлінде жағаны кесе өткен кезде ішінде балықшылар отырған «ВАЗ» көлігі мұз астына түсіп кетті. Балықшылардың үшеуі судан өздері шықты. Оқиға орнына жедел медициналық көмек келді.

Сағат 13:00-де ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметінің 4 адамнан және 1 техника бірлігінің күшімен су астына кеткен 1970 және 1985 жылғы екі балықшының денелері шығарылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив