KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Маңғыстау облысында қар құрсауынан 12 көлік шығарылды, Ресей мен Түркия азаматтарына медициналық көмек көрсетілді

18.02.2012, 18:00 226


Маңғыстау облысында қар құрсауынан 12 көлік шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданы аумағында «Шетпе-Сай-Өтес-Бейнеу» күре жолында 15 ақпанда басталған қарлы боранның салдарынан Манат асуында көліктер тұрып қалған, қарды қаншама аршығанымен ұйтқыған боран жолды қайта жауып тастаған. Сай-Өтес кенті маңында 86 маман мен 62 техника шоғырланған.

Бейнеу бағытында қар құрсауынан 12 техника шығарылды.

Апаттан құтқару жұмыстарына МИ-171 тікұшағы тартылды. Ол Сай-Өтес кентінен шамамен 40-45 шақырымда қалған автоколоннадағы адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.

19 ақпан күні сағат 19.00 минутқа дейін Бейнеу кентінен басталатын 110 шақырымдық көлік жолы қардан тазартылды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив