KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Мектептегі сабақ қандай жағдайда тоқтатылады?

16.02.2012, 18:00 164


– Күн күрт суытып, аяз түскенде мектептерде сабақ болмайды. Бірақ сабақтан қай сынып оқушылары босатылатынын қайдан білуге болады?

Райхан Манапқызы
Өскемен.

Сауалға Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап береді:
– Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының
мамандары ауа температурасы мен желдің жылдамдығын күнделікті бақылап, болжап отырады. Мектептердегі сабақты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауда температурамен қатар желдің жылдамдығы мен өзге де метеорологиялық жағдайдар ескеріледі. Бұрын сынап бағанасы минус 25 градустан асқанда оқушылар сабақтан босатылатын еді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Білім министрлігі ауаның температурасы минус 30 және одан жоғары болғанда ғана мектептердегі сабақты тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Желдің жылдамдығы 2 м/с-қа дейін, ауа температурасы
• минус 30 және одан төмен болғанда 1-4 сынып;
• минус 34 және одан төмен болғанда 5-9 сынып;
• минус 36 және одан төмен болғанда 10-11 сынып оқушыларына. Желдің жылдамдығы 2 м/с-тан жоғары,
ауа температурасы
• минус 37 және одан төмен болғанда 1-4 сынып;
• минус 29 және одан төмен болғанда 5-9 сынып;
• минус 31 және одан төмен болғанда 10-11 сынып
оқушыларына сабақ болмайды. Сабақтың уақытша тоқтатылуы жайлы құлақтандыру сағат 6.30, 7.00, 7.20, 11.05, 11.20-да «ОРТ-Казахстан»,«Қазақстан», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ», «НТК», «31 арна» телеарналары мен «Қазақстан», «Микс» радиоарналарында беріледі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив