KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Еліміздегі ең ауасы ластанған қалалардың ішінде Өскемен төртінші орында тұр

12.02.2012, 18:00 168


Ең лас ауамен тыныстап жүргендер Шымкент қаласының тұрғындары екен. Ластану деңгейі бойынша одан кейін тағы жеті қала тұр.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің мәліметіне қарағанда өткен жылдың қорытындысы бойынша ластану деңгейі жөнінен Шымкенттен кейін Теміртау, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Жезқазған қалалары тұр. 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, Алматы, Атырау, Астанада ауаның ластану деңгейі төмендесе, Шымкент, Теміртау, Өскеменде керісінше жоғарылап кеткен. Бірақ еліміздегі бір де бір қала ластану деңгейінің ең жоғарғы шегіне жетпеген. Әзірге көрсеткіш «жоғары» деңгейді көрсетіп тұр.
– Республика аумағында ауаның өте жоғарғы ластану көрсеткіші тіркелген жоқ, - дейді Комитет төрағасы Азамат Әлімбаев. Қазақстанның 15 қаласында көміртегі оксиді мен басқа да зиянды заттар концентрациясы, 20 қалада азот диоксиді, 6 қалада күкірт диоксиді,8 қалада фенол, 4 қалада формальдегид концентрациясы өте жоғары.
Ал ауасының тазалығымен Көкшетау (1 орын), Талдықорған, Екібастұз, Балқаш пен Қостанай қалалары мақтана алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2011 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең ауасы ластанған қала Ирандағы Ахваз екен. Ал екінші орынды Монғолияның астанасы Улан- Батор алады. Үшінші орында Иранның тағы бір қаласы Санандаж тұр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив