KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Еңбекке қабілетті кейбір шығысқазақстандық азаматтар үшін жұмыс істегеннен гөрі әлеуметтік жәрдемақы алған тиімді сияқты

2.02.2012, 18:00 224


Шығыс Қазақстан облысында адрестік әлеуметтік жәрдемақы алатын еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс табуға тырысып бағуда. Бұл туралы Altaynews.kz-тің тілшісіне еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева мәлім етті.

- Жәрдемақы алатындардың құрамында әлі де еңбекке қабілетті жастағы адамдар бар. Сараптама қорытындылары көрсеткендей, еңбекке қабілетті адамдардың негізгі бөлігі жұмыс табуға тырысады, алайда жалақының орнына әлеуметтік жәрдемақы алуды жөн көретін азаматтар да бар. Бұған дейінгі заңнамаға сәйкес бұл азаматтарды жұмыс іздеуге ынталандыруымызға мүмкіндік болмады. Енді заңға толықтырыулар мен өзгерістер енгізіліп, біз барлық еңбекпен қамту орталықтарына бірінші кезекке осы категориядағы адамдарды қойып, оларға еңбекпен қамту және аумақты дамыту бағдарламалары бойынша іске асатын жұмыстарды ұсынуды міндеттедік, - дейді Кузовлева.

Оның айтуы бойынша, өзіне ұсынылған жұмыстан бас тартқан адам адрестік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бағдарламасынан шығарылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив