KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі қатеге толы сыртқы жарнамалар

1.02.2012, 18:00 218


Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңның 21-бабы (реквизиттер мен көрнекі ақпараттар тілі) тиісті деңгейінде орындалмай отыр. Бұл туралы Altaynews.kz тілшісіне облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыстар мен талдау бөлімінің меңгерушісі Роза Төлемісова хабарлады.

Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобы 2011 жылы ғана облыс орталығында көрнекі ақпараттардағы қателіктерді анықтау мақсатында 1363 нысанды тексеріп, оның 57-де тіл заңнамасының нормаларын сақтамау фактілері орын алған. «Өте жиі кездесетін қателіктер – ақпаратты тек бір тілде ғана беру (орысшасын ғана), мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтін бөліктерін орналастырудың, шрифт мөлшерлерінің заңмен бекітілген ережесі сақталмайды»,-дейді Р.Төлемісова.

Сонымен қатар көрнекі ақпараттар мәтіндерінде орфографиялық, стилистикалық, тіпті мағыналық жағынан қателер азаймай тұр. Соңғы уақытта Өскемен көшелерінде бір бүйірінде «Аласа бағалар» (низкие цены) деген жазуы бар трамвай жүйткіп жүр. Қазақта «баға» деген бастауышқа «аласа» деген анықтауыш жалғанбайды. Сондықтан бұл жарнаманың қазақшасы көзге оғаш көрініп, күлкі туғызғаны болмаса жарнама ретінде қабылданбайды.

- Біз өндірістік кәсіпорындардың, сауда, әлеуметтік, мәдени және өзге де нысандардың басшыларын, өз қызметінде түрлі баннерлер, стендтер, жарнама тақталары мен тұрғындарды құлақтандырудың басқа да құралдарын пайдаланатын азаматтардың барлығын дерлік оларды ілмес бұрын сауаттылығына, тіл заңнамасы талаптарына сәйкес екендігіне көз жеткізулері қажеттігін ескертуден жалықпаймыз. Өкінішке қарай, бұдан нәтиже шығарып жатқандары шамалы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив