KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде өрт оқиғасы өршіп тұр

31.01.2012, 18:00 174


Өскемендегі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болатын өрт оқиғалары жиі орын алуда, деп хабарлайды Altaynews.kz.

- Көп жағдайда жеке тұрғын үйлердің пештері жылыту кезеңіне дайын болмай, тұрғындар оларды тиісті талапты орындамай пайдаланады. Бұл пештің бұзылуына әкеп соғады,-дейді Өскемен қаласының ТЖ басқармасының баспасөз қызметі.

20-қаңтарда Малдыбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде пеш жағылып, пеш мұржасындағы сызаттың кесірінен тұрғынжай түтінге оранған.22-қаңтарда Покрышкин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы моншаның 6 шаршы метр шамасындағы ағаш едендері мен қабырғалары жанып кетті. Өрттің себеп-салдары анықталып жатыр. Ол пешті орналастыру мен пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан немесе абайсыздан орын алған. 23-қаңтар күні Астафьев көшесіндегі жеке тұрғын үйде орын алған жылу жүйесіңнің жарылуы да пайдалану ережесін сақтамағандықтан болып отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив