KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қалалықтар қысқы азығын сайлап жатыр

25.12.2011, 18:00 251


Өскеменде күзден бері жалғасын тауып келе жатқан шаралардың бірі – ауыл шаруа-шылық жәрмеңкесі. Осыған орай өткен сенбіде, Металлургтер мәдениет сарайының маңында өз шаруа қожалықтарының өнімдерін арқалай жеткен Тарбағатай мен Шемонайха аудандарының жәрмеңкесіне облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ пен облыстық мәслихат хатшысы Василий Ахаев келіп, баға тұрақтылығын оның өту барысын қадаға-лап, сатылымдағы өнімдерге назар аударып, жәрмеңкені аралап шықты.

Жаңа жылдың қарсаңында қала тұрғын-дарына жасалып отырған бұл жеңілдік таң қылаң бере тұрып, әр сенбіде жәрмеңке өтетін орынға халықты асықтыратын болды. Кезекте тұратын тұтынушылар саны желтоқсанның аязына қарамастан азаятын емес.

Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік бөлімі-нің бастығы Әсет Аханжановты әңгімеге тарт-қан едік:

– Бүгін жәрмеңкеге аудандағы 17 округ өкілдері түгел келіп отыр. Аудан тұрғындары қала халқына ауыл шаруашылық өнімдерін әкеліп, Жаңа жылдың алдында арзан ба-ғада саудалау үстінде. Жәрмеңкеге 34 ірі қара, 11 жылқы, 60 қой әкелдік, оның сыр-тында 50 кг. сары май, қолдан пісірілген нан түрлері, сондай-ақ, сүзбе, құрт, май, ірімшік, жент секілді қазақтың ұлттық тағамдары әкелінді. Мұнда қой етінің бағасы 900 теңге, жылқы еті 950 теңгеден сатылып жатыр. Қаладағы бағадан 200-250 теңгеге арзан. Оны бүгін қала базарларын аралап шығып байқадық. Осы жылы жәрмеңкеге 500 шақырымнан біздің аудан 5-ші рет келіп отыр, – деді.

Тарбағатай ауданымен қатарласа келген Шемонайха ауданының 11 ауылдық округі де 3 тонна шошқа етін, жарты тонна қой етін, жарты тонна жылқы етін, 3 тонна күнбағыс майын, 3 тонна жарма, 300 кг. ас бұр-шақ, 200 кг. бал, сондай-ақ, жарты тонна сүт өнімдерін әкеліпті. Оны ауданның ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бас-тығы Сергей Коротко айтады.

– Мұндай жәрмеңкенің әр сенбіде өтуі бізге тиімді. Дегенмен, мұнда өнімдерін әке-ліп отырған шаруа қожалықтарына бұл ай-тарлықтай табыс әкелмейді. Өз өнімдерін алыстан тасып, төмен бағаға сатып отыр. Сондықтан да, әр жәрмеңкеге қалмай келген округтерге алғыс айтамын, – дейді ағынан жарылған қала тұрғыны Назым Слямова.

Әлі де жалғасын табады деп күтілетін мұндай жәрмеңке қала тұрғындары үшін ауыл өнімдерінен әкелінген базарлықтай. Ұзақ қысқа әзірленген көпшілік қауымның саны сағат сайын артып, керегін ала, арқаланып қайтқан тұтынушылар қарасы аз емес. Бұл жәрмеңкенің қалалықтар үшін қаншалықты тиімді екендігінің дәлелі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив