KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Әлеуметтік салаға ерекше мән берілмек

22.12.2011, 18:00 269


Күн өткен сайын алда болатын сайлаудың салмағы білініп келе жатыр. Өз елінің болашағына немқұрайды қарамайтын әрбір азамат үшін бұл маңызды оқиға. Әсіресе аға буын өкілдері осынау саяси оқиғаның мәніне ерекше үңіліп отыр. Кеше Өскемен қаласындағы Достық үйінде «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Оған өңірдің соғыс және еңбек ардагерлері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Сөз тізгінін ең алдымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков алды. Иә,
алда – үлкен сайлау. Қазіргі күні еліміздің барлық өңірінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Өзге партиялармен қатар «Нұр Отан» ХДП сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттауда. Жалпы «Нұр Отан» партиясының қандай партия екенін ардагерлер жақсы біледі. Ендеше республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің өз кездесуін ардагерлерден бас-тауы әсте тегін емес.

Ардагерлердің қандай үлкен күш екенін өз сөзінде «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақ-стан Республикасының орталықтандырылған ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов те ерекше атап айтты. Еліміз-дің бүгінгі қол жеткен табыстары осы ардагерлеріміздің арқасында мүмкін болды. Ардагерлер әрқашан да Елбасының сенімді жақтастары. Ендеше ардагерлерге бұл жолы да үлкен сенім артуға әбден болады. Қазіргі күні Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан экономикасы ілгері дамуда. Тіпті еліміз қаржылық дағда-рыстан да аман-есен өтті. Зейнетақы, жалақы жыл сайын еселеп өсуде. Рас, қоғамда «Ардагерлер туралы» арнайы заңды қабылдау мәселесі талай рет талқыға түскенімен, таратылған Парламент Мәжілісі ол заңды қабылдай алмай кетті. Бірақ үмітті үзуге болмайды.

Дөңгөлек үстелде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кандидат ретінде тіркелген Жә-нібек Кәрібжанов, Светлана Ферхо да сөз алып, «Нұр Отан» ХДП сайлауалды платформасы, партия саясаты мен атқарылған жар-қын істер туралы әңгімеледі. Аталған екі кандидат мұның алдында өскемендік жастармен де кездескен болатын.
– «Нұр Отан» партиясының платформасында әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп отыр, – дейді Светлана Ферхо. – Мүмкіндігі шектеулі балалардың да ел қатарлы білім алуы қажет. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға зор көңіл бөлінбек. Біз отандық дәрі-дәрмек өндірушілерге қолдау жасауымыз қажет. Сондай-ақ, «Қазақстан ұлттық тұтынушылар лигасының» төрағасы Светлана Романова, «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының мүшесі Жанат Жарасов ардагерлерді «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына дауыс беруге үндеді.

Дөңгелек үстелде ардагерлер де өз ұсыныс-тілектерін іркіп қалған жоқ. Өскемен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы И.Скворцов ардагерлерге көрсетілетін медициналық қызметке көңілі толмайтыны туралы сөз қозғаса, қаладағы жібек маталар комбинаты ықшам ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразбайұлы жастар мәселесіне биліктің ерекше назар аударуы қажет екенін еске салды.

Бұл күні республикалық сайлауалды штабының және ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Глубокое ауданына қарасты Солнечный кентінде орналасқан Қарттар үйіне де бас сұқты. Бұл үйде бүгінде 124 қарт тіршілік кешуде. Десе де, оларды елдің, жердің болашағы әрқашан алаңдатады. Сондықтан да олар республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің әрқайсысын ерекше ықыласпен тыңдады.

– Менің бұл Қарттар үйін мекен еткеніме он жылдың жүзі болды. Он жыл бойы мен тек жақсылықтың ғана куәсі болдым. Елбасы мен Үкіметке айтар алғысым шексіз, – деп тебіренді Н.Павлов.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Алтай» техно-паркінде аймақ кәсіпкерлерімен де кездесті. Кәсібіңді дөңгелету үшін де елдегі жағдайдың тұрақты болғаны абзал. Сондықтан да бұл жолғы сайлаудың кәсіпкерлер үшін де маңызы зор болмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив