KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

"Балуан Шолақ" фильмінің жабық көрсетілімі болды

19.12.2018, 10:59 96


Алматыда «Балуан Шолақ» тарихи фильмінің жабық көрсетілімі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Туында шынайы тарихи оқиғаға құрылған. Балуан һәм композитор Балуан Шолақтың өмірінен сыр шертеді.


– Актерлеріміз шеберлігін көрсетті. Әсіресе басты рөлді сомдаған Еркебұлан Дайыровпен жұмыс істеу оңай болды, – деді киноның режиссері Нұргелді Саттығұлов.


Айта кету керек, киноның сцениарийін жазушы, драматург Дулат Исабеков жазған.


– Балуан Шолақ» спектакілі көптен бері сахнада қойылып келеді, тіптен Лондонға да барып келді. Пьеса мен кино екі алуан дүние. Бәрін қайтадан жазып шыққандай болдым. Менің мақсатым ұлттық кино жасау еді, – деді ол.


Кинода басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Альбина Шардарова, Медғат Омаралиев, Александр Багрянцев, Жанель Мақажан, Болат Әбілдинов, Усипали, Сафуан Шаймерденовтер ойнады.


«Қазақфильм» киностудиясы фильм прокатқа жаңа жылдың басында шығады деп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив