KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Жаңа жылдан бастап жұмыс уақытынан кейін компьютерлер автоматты түрде өшеді

11.12.2018, 03:12 102


2019 жылдың алғашқы тоқсанынан бастап облыстағы барлық жергілікті атқарушы органдарда компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесі орнатылатын болады. Сонымен бірге кіруді есепке алуды бақылау жүйесі реттелетін болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұған мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнінің аяғында шамадан тыс жұмыс істеуі себеп болуда. Құзырлы органдардың анықтауынша, артық жұмысқа жоғары тұрған органнан орындалуы қысқа мерзімдегі тығыз тапсырмалардың жұмыс күнінің соңында түсуі, басшылық тарапынан ұжымдағы міндеттемелердің теңдей бөлінбеуі, қағаз түріндегі есеп берудің көптігі, сонымен бірге аппараттық және өзге де жиналыстардың өте көп өтетіндігі басты себеп болып отыр.


Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік органдар басшыларына жұмыстың икемді кестесін жасауды, сегіз сағаттық жұмыс күнінен соң компьютерлерді автоматты өшіру жүйесін орнатуды, сонымен қатар кіруді есепке алуды бақылау жүйесін енгізуді ұсынып отыр.

Атап өтерлігі, қазіргі уақытта есепке алуды бақылау жүйесінің 88 пайызы жарамсыз күйде. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу жүргізілмейді. Ал компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесі облыстағы үш органда ғана жұмыс істеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив