KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО полицейлері Елбасы сүйіп тыңдайтын әндерді шырқады

1.12.2018, 09:21 216



Облыстық полиция департаментінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтіп, оның барысында өңір полицейлері балаларымен бірге Мемлекеттік басшысы сүйіп тыңдайтын музыкалық шығармаларды орындады деп хабарлайды, - Алтайньюс тілшісі.


Бұл күні облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жеке құрамды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында Елбасының бастауымен қол жеткен тарихи жетістіктерге тоқталды.


– Ширек ғасырдан астам уақыттан бері біздің Елбасымыз елімізді демократиялық реформалар және әлеуметтік-экономикалық прогресс жолымен дамытып, республикада бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділікті қамтамасыз етті. Жаңа экономикалық жүйенің берік іргетасы қаланып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы артты, - деді генерал өз құттықтауында.


Бұл күні өз қызметін мүлтіксіз атқарған полицейлер марапатталды. Атап өтсек, Техникалық қызмет басқармасының бастығы, подполковник Алексей Смитке полковник шені берілсе, Өскемен қалалық Полиция басқармасы, Ертіс полиция бөлімі бастығының орынбасары, майор Руслан Нұрсапанов полиция подполковнигі болды.


ҚР ІІМ Құрмет Грамотасымен полиция подполковнигі Максим Пупков, полиция майоры Айдар Дайырбеков, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция майоры Ринат Шкибаев марапатталды.


Сонымен бірге облыстық Полиция департаментінің 14 қызметкері «Ішкі істер органдарының үздігі» кеуде белгісімен марапатталса, бірқатар полицейлер ІІМ-нің Грамотасын және Алғыс хатын алды. Тағы жеті шығысқазақстандық полицейге ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың алғысы жарияланды.


Сондай-ақ, мемлекеттік мерекеге орай, Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен 86 қызметкер көтермеленіп, оның ішінде 40 полицейге Грамота және 33 қызметкерге Алғыс хат тапсырылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив