KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығысқазақстандық балуан халықаралық жарыста жеңіске жетті

26.11.2018, 11:32 219


Шығысқазақстандық бозкілем шебері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық доданың жеңімпазы атанды.


Тараз қаласында еркін күрестен өткен дәстүрлі жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Украинаның балуандары қатысып, 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Бәсекеде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жармалық Расул Қалиев тамаша өнер көрсетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.


Білікті бапкер Ержан Құсайыновтың шәкірті турнирдің жартылай финалында өзбекстандық Икромжон Хаджимурадовты айқын басымдықпен жеңсе, шешуші белдесуде Ресейдің Саха Республикасынан келген Нургун Александровты сенімді ұтты.


Осы ретте, дәстүрлі додада топ жарған жерлесіміз ұйымдастырушылар атынан қаржылай сыйлыққа ие болғанын айта кеткен абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив