KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде республикалық театр фестивалі өтеді

7.11.2018, 03:42 190


Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы кіші формада сахналанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестивалі болады. 10-14 қараша күндері, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Фестиваль облыстық драма театрында өтетіндігін айта кетейік. Кіру тегін. Анықтама телефондары: 8 702 723 27 88, 8 771 437 18 17, 71 00 79.


Фестиваль 10 қараша күні кешкі сағат 6-да ашылады. Ашылу рәсімінде «Бөрінама» фильмінің көрсетілімі ұсынылады.


Фестиваль кестесі төменде:


11 қараша

10:30 Н.Коляда «Тасбақа үміт» психологиялық драмасы. Астананың Жастар театры.

15:30 Ш.Айтматов «Жәмилә» махаббат тарихы. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры.

18:30 Еврипид «Медея» трагедия. Мемлекеттік қуыршақ театры (Алматы).


12 қараша

11:00 Сергей Матвеев «Наедине с Пушкиным» моноспектакль. М.Горький атындағы мемлекеттік драма театр (Астана).

15:00 О.Бөкей «Атау кере» драма. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка драма театры.

18:30 Эрик-Эмманюэль Шмитт «Мой маленький Оскар» моноспектакль. Б.Омаров атындағы театр (Алматы).


13 қараша

10:00 А.Галин «Қайран жас дәурен» ретро. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театры.

12:30 М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» драма. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры (Петропавл).

17:00 Фестивальдің салтанатты жабылуы.

Ж.Өзубеков «Толғақ» психологиялық драмасы режиссері Рүстем Есдәулетов. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры (фестивальден тыс қойылым).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив