KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған РФ азаматтары жауапқа тартылды

23.10.2018, 04:17 153


ШҚО аудандық соттарында көші-қон саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты екі әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі radio7.kz сайтына сілтеме жасап.


Екі жағдайда да, РФ азаматтары ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған.


Мәселен, РФ азаматы ағымдағы жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы аумағына келіп, белгілі мекенжай бойынша тіркелген. Алайда ол тіркеу кезінен хаттама толтыру кезіне дейін әртүрлі мекенжайларда тұрған. Ол тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмағандықтан Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды. Сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған  оған әкімшілік жаза ретінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Екінші жағдайда, РФ азаматы ата-анасына Қазақстан Республикасының аумағына келген соң, көші-қон полициясы бөлімінде мекен-жайы бойынша уақытша тіркелген.Алайда, ол тіркелген кезден бастап, тіркеуде көрсетілген мекен-жайда емес,басқа мекен-жайдағы үйде тұрған.


Өзінің бұл әрекетімен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған.


Сот РФ азаматын ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып,әкімшілік шара ретінде 25253 тенге мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив