KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Шығыста бензин құймай, жүргізушілерді алдап келген жанармай бекеті анықталды

5.10.2018, 06:32 221


Шығыста бензин құймай, жүргізушілерді алдап келген жанармай бекеттері анықталды. Мұны облыстық Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлері тексеріс барысында білді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жыл басынан бері аталмыш департамент 13 тексеру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде нысандардың 60%-ының заң бұзғандығы белгілі болған.


– Мысалы, бір жанармай бекетіне бензин құймағандығы туралы шағым түсті. Жанармай бекетінің осы іске қатысты қателіктері анықталып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, – деді комитеттің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив