KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Қазақстандықтар алтын сатып алып жатыр

27.09.2018, 11:43 108


Қазақстандықтар Ұлттық банктен 175 келі алтын сатып алған. Бұл туралы банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


– Өткен жылдың мамыр айында халыққа алтын құймаларын сатуға және олардан сатып алуға арналған бағдарлама шыққан болатын. 10, 20, 50 және 100 граммдық құймалар ұсынылған болатын. Қазіргі таңда банктен 175 келі алтын сатылған, - деді банк басшысы.


Данияр Ақышевтің сөзінше, алтын сату ісі алдағы уақытта бұрынғысынан арта түспек. Тіпті 12-13 келі салмақ тартатын алтын құймалары да сатылымға шығуы мүмкін екен.


- Әлбетте, алтынды барлығы сатып ала алады. Бірақ бағасы қымбат екендігі айтпаса да белгілі, - деді Д.Ақышев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив