KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Шығыста үш ауылдың атауы қазақшаланды

26.09.2018, 08:41 128


Облыста үш елдімекеннің атауы өзгерді. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы хабарлады.


Бородулиха ауданының Вознесеновка ауылы – Қызылтай, Пролетарка ауылы Ақши болып өзгерді.


Ал Ұлан ауданына қарасты 17-ші шақырым атты ауыл Сарыөзек деп аталды.


Атауларды ауыстыруды облыстық ономастикалық комиссия қарастырғандығын айтты аталмыш мекеме.


Айта кетейік, таяуда Зырянның орнына Алтай қаласы пайда болуы мүмкін картада.


Осыған қатысты 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де Зырянда халықтық тыңдау өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив